Құрметті оқушылар мен ата-аналар!

Оқу жылы аяқталып, 16 мамырдан 23 мамырға дейін мектеп кітапханасы кестеге сәйкес оқулықтарды қабылдауды бастайды. Барлық оқулықтарды оқушылар сынып жетекшісіне тапсырады, сыныпта оқулықтарды тексеру бойынша комиссия құрылады, содан кейін тиісті жағдайға келтірілген оқулықтар кітапханаға тапсырылады.

3,6,8 сынып оқушылары оқулықтарды 1 жыл пайдаланады, олар мектеп кітапханасына өте жақсы жағдайда тапсырылуы тиіс: таза, бүтін, бүлінусіз және түптеу бұрыштары түзу болу керек.Бүлінген, жоғалған оқулықтарды жаңамен ауыстыру. Мектеп кітапханасының қорынан оқу жылына сыныпқа  алынған  дәптерлер 100% тапсырылуы тиіс.

Көркем әдебиетті сынып оқулықтарын тапсырғанға дейін кітапханаға өз бетінше тапсыру қажет.

Емтиханға дайындалуға арналған оқулықтар (9,11 сыныптар) емтихан тапсырғаннан кейін сынып жетекшісіне тапсырылады.

Есіңізде болсын!

1.Ең болмағанда бір оқулықты тапсырмаған оқушыларға жаңа оқу жылына оқулықтар қарыз өтелгенге дейін берілмейді.

  1. Оқу жылы аяқталғаннан кейін кез келген құжаттарды (жеке істерді) беру барлық оқу және көркем әдебиеттерді мектеп кітапханасының қорына тапсырғаны расталғаннан кейін ғана жүргізіледі.

Құрметпен кітапхана меңгерушісі.

Комментарии


Комментариев пока нет, будьте первым.

Добавить комментарий