Қауіпсіздік сабақтары аясында оқушылар арасында келесі профилактикалық іс-шаралар өткізілуде:

— «Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам»;
— «Буллингтен қорған!»;
— «Ойынға салауатты көзқарас»;
— «Өмірге салауатты қадам»;
— «Қоғамдық мүлікті қорға!»;
— «Қауіпсіз қоғам».

Іс-шаралардың мақсаты — білім алушылардың қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, құқықтық сауаттылығын арттыру және салауатты өмір салтын насихаттау.

17 қаңтар күні, Гусейнова С.Э. аға тәлімгерінің ұйымдастыруымен Жоғары сынып оқушылары кеңесіне арналған жарқын әрі креативті «School Parlament Fest» өтт

Іс-шараның жүргізушісі – мектептің премьер-министрі Колдырев Глеб болды. Ол әрдайымғыдай өзін мінсіз, сенімді және жоғары деңгейде көрсете білді.

✨ Біздің FEST шақырылған «жұлдыздардың» қатысуымен өтті:
Psy, Instasamka, Moneyken, Morgenshtern, Kizaru, Open Kids тобы және аңызға айналған «Тату» тобы
Іс-шара қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй, ұмытылмас әсер сыйлап, мектеп парламентінің тек жауапкершілік емес, сонымен қатар шығармашылық, белсенділік пен командалық рух екенін тағы бір мәрте дәлелдеді

2026 жылғы 13–14 қаңтар күндері 1-11 сыныптарда «Діни төзімділік және ақпараттық қауіпсіздік» тақырыбында ата-аналар жиналыстары өтті.👍👍👍

Кездесу барысында тәрбиелеу, қауіпсіздік және оқу үдерісіне қатысты маңызды мәселелер қарастырылды.
Ата-аналар жиналысының күн тәртібі:✅
«Балаларды экстремистік идеологияның зиянды ықпалынан қалай қорғауға болады»
II тоқсанның қорытындылары
Оқу уақытында ұялы телефонды пайдалану ережелері
ЦППР «Қауіпсіздік картасын құрастыру» сабағы
Ата-аналарға балалардың төзімді дүниетанымын қалыптастыру, ақпараттық кеңістікте қауіпсіз мінез-құлықты сақтау жөнінде ұсыныстар берілді, сондай-ақ мектепте мобильді құрылғыларды пайдалану ережелері түсіндірілді.

9-сынып оқушыларының Қостанай политехникалық жоғары колледжіне баруы

Кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында 9-сынып оқушылары 🌟🌟🌟Қостанай политехникалық жоғары колледжіне барды.
Сапар барысында оқушылар оқу жағдайларымен, колледждің материалдық-техникалық базасымен, сондай-ақ сұранысқа ие мамандықтар мен даярлау бағыттарымен танысты. Колледж өкілдері қабылдау ережелері, оқу мерзімдері, болашақта жұмысқа орналасу және білімін жалғастыру мүмкіндіктері туралы ақпарат берді.
Оқушылар үшін оқу кабинеттері мен зертханалар бойынша экскурсия ұйымдастырылып, олар оқу үдерісін көріп, өздерін қызықтырған сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды.
Колледжге бару оқушылардың болашақ мамандықты таңдау туралы түсініктерін кеңейтіп, әрі қарайғы білім беру бағыты жайлы ойлануына ықпал етті.👍👍👍