1 сәуірде бірінші сыныпқа құжаттарды қабылдау басталады

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің №2 мектеп-лицейі» КММ-де мемлекеттік тілді дамытуға бағытталған жұмыс барысы жайында

Қостанай облысы әкімдігі  білім басқармасының

«Қостанай қаласы білім бөлімінің №2 мектеп-лицейі» КММ-де мемлекеттік тілді дамытуға бағытталған жұмыс барысы жайында

 

Мектеп-лицейде «Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңын, Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бойынша 2021-2023 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары құрылған. Осы жоспарға сай мектеп-лицейде төмендегідей іс-шаралар атқарылуда:

  • Мектеп-лицейде негізгі құжаттар, атап айтқанда негізгі қызмет бойынша және жеке құрам бойынша шығарылатын бұйрықтар, бұйрықтарды тіпкеу кітабы, педагогикалық кеңес, әдістемелік кеңес, директордың қатысуымен болатын кеңес отырыстарының хаттамалары, еңбек келісімшарттары екі тілде ресімделеді.
  • Мектеп кітаханасының негізгі қорында қазақ тілінде (оқулықтарды есепке алмағанда) 1680 дана кітап бар. Сондай-ақ ағымдағы жыл басынан кітапхана мен ұжым мүшелерінің атына 16 түрлі мерзімдік басылымдар жазылып алынады.
  • Мектеп-лицей сайтына ақпарат 3 тілде жүктеліп отырады.
  • Тілдік пәндерді оқыту мәселелері мектепішілік бақылаумен қамтылып, педагогикалық кеңес пен директордың қатысуымен болатын кеңестерде қарастырылады.
  • Мектеп дәліздері мен оқу кабинеттерінің қабырғалары екі тілде безендіріледі.
  • Өтініштер мен арыздар азаматтардың қалаған тілінде қабылданып, қалаған тілілнде жауап қайтарылады.
  • Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытылуын қадағалаушы әкімшілік мүшесі, директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары Утепкалиева З.Т. аталған лауазымдық қызметті 24 жыл бойы атқарып келе жатқан жалпы еңбек өтілі 31 жыл, педагог-зерттеуші санатындағы қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі. Сонымен қатар өткен оқу жылының басынан І санатты басшының орынбасары біліктілік санатына ие.
  • Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің жүйелі түрде білім жетілдіру курстарынан өту арқылы біліктіліктерін арттыруға жағдай жасалуда. Соңғы үш жылда 7 мұғалім біліктілік арттыру курстарынан өтіп, өздерінің кәсіби деңгейлерін шыңдады.
  • Қазақ тілі мұғалімдерінің сапалық құрамы аттестатттау талаптарына сай: мектеп штатындағы 20 педагог ішінен біреуі бірінші санатты, 10 педагог-зерттеуші, 2 педагог-сарапшы, 5 педагог-модератор, жұмыс өтілі 3 жылға дейінгі 2 мұғалім педагог санаттарына ие.
  • Мектеп-лицей оқушыларының тілдік пәндер бойынша облыстық,қалалық, мектепішілік олимпиадаларға, ОҒҚ оқуларына қатысуы жоғары деңгейде ұйымдастырылып келеді деуге болады. 2022-2023 оқу жылында мектеп оқушылары Республикалық пәндік олимпиадалардың қалалық кезеңінде қазақ тілі мен әдебиетінен 9-11 сыныптар арасында төрт І орын, бір ІІ орын, бір ІІІ орынға ие болса, облыстық кезеңде   екі І орын, бір ІІ орын, бір ІІІ орын жеңіп алып жоғары нәтижеге қол жеткізді.  Сондай –ақ аталған олимпиаданың 5-8 сыныптарға арналған қалалық деңгейінде де мектеп-лицей оқушылары бір ІІ орын, екі ІІІ орынға ие болды.
  • Тілдер күніне орай ұйымдастырылған қалалық қашықтықтан өткізілетін олимпиадаға қатысқан екі оқушы да жүлделі ІІ және ІІ орындарға қол жеткізді.
  • Республикалық «Зерде» 1-7 сыныптар аралығындағы ғылыми жобаның қалалық іріктеу кезеңінде 7-сынып оқушысы Оджахвердиев Айхан (жетекшісі Адильханова Л.О.) ІІІ орын алды.
  • Облыстық «Тіл шамшырақтарының» қалалық іріктеу онлай сайысында 5- сынып оқушысы Колесникова Дарья І орын, 6-сынып оқушысы Сапаралиев Ариет І орын, 7-сынып оқушысы Абдуваитова Руфина ІІІ орын алды. Аталған сайыстың облыстық кезеңінде Колесникова Дарья ІІІ алды.
  • Республикалық ОҒҚ оқуларының облыстық кезеңінде 9-сынып оқушысы Капарова Кандализа ІІ орын иеленді (жетекшісі Кенжебаева Ж.К.)
  • Мектеп әкімшілігі мен кәсіподақ ұйымы мүмкіндігінше пән бойынша олимпиадаларда ,ОҒҚ оқуларында, басқа да пәндік іс-шараларда жетістікке жеткен оқушылар мен оларды дайындаған мұғалімдерді көтермелеп, марапаттап отырады.
  • Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері Адильханова Л.У. 7-сыныпқа арналған «Қаламгерлікті ұштау» тақырыбындағы авторлық жұмысына лицензия алса ( облыстық ОӘК-нің 2022 жылғы 18-тамыздағы №7 хаттамасы), Байдилдина А.К., Торина Г.Қ., Утепкалиева З.Т. 10-11 сынып оқушыларына арналған «Ұлы дала ұлағаты» факультативтік курсының бағдарламасын құрастырып, сараптау комиссиясының қарауына ұсынбақшы.
  • Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша соңғы үш жылдағы жалпы мектеп бойынша білім сапасы: 2020-2021 оқу жылында 81%, 2021-2022 оқу жылында – 75,5 %, 2022-2023 оқу жылында – 74 % құрады.

Утепкалиева З.Т., директордың ОЖ жөніндегі орынбасары

Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:

Бірінші сыныпқа — 1 сәуірден бастап 1 тамызға дейін;

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық http://school.kst-goo.kz/ru., қағаз түрінде.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: құжаттарды қабылдау туралы қолхат беру және оқу жылының басына орта білім беру (Бастауыш, негізгі орта , жалпы орта) ұйымына қабылдау туралы бұйрық шығару.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық немесе қағаз түрінде. Көрсетілетін қызметті берушіге мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі үшін қағаз жеткізгіште жүгінген кезде нәтиже қағаз жеткізгіште ресімделеді.

«Президенттік жастар кадр резервінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 27 тамыздағы № 141 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

«Президенттік жастар кадр резервінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 27 тамыздағы № 141 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 18 мамырдағы № 580 Жарлығы.

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. «Президенттік жастар кадр резервінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 27 тамыздағы № 141 Жарлығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

1) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар кадр резерві жөніндегі ұлттық комиссияның құрамы осы Жарлыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

2) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Президенттік жастар кадр резервін қалыптастыру қағидалары осы Жарлыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. Тоқаев  
  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2021 жылғы 18 мамырдағы
№ 580 Жарлығына
1-ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2019 жылғы 27 тамыздағы
№ 141 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

 Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар кадр резерві жөніндегі ұлттық комиссияның ҚҰРАМЫ

Қазақстан Республикасының Президенті Əкімшілігінің Басшысы, комиссия төрағасы

Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің бастығы, комиссия төрағасының орынбасары

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы, комиссия төрағасының орынбасары

Қазақстан Республикасы Президенті Əкімшілігі Басшысының өңірлік саясат мəселелеріне жетекшілік етуші орынбасары, комиссия мүшесі

Қазақстан Республикасы Президентінің саяси мәселелер жөніндегі көмекшісі, комиссия мүшесі

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы, комиссия мүшесі

Қазақстан Республикасы Президенті Əкімшілігінің Мемлекеттік басқару бөлімінің меңгерушісі, комиссия мүшесі

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры, комиссия мүшесі

Қазақстан Республикасы Президенті Əкімшілігінің Мемлекеттік қызмет жəне кадр саясаты бөлімінің меңгерушісі, комиссияның хатшысы

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2021 жылғы 18 мамырдағы
№ 580 Жарлығына
2-ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2019 жылғы 27 тамыздағы
№ 141 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

 Президенттік жастар кадр резервін қалыптастыру ҚАҒИДАЛАРЫ 1-тарау. Жалпы ережелер

  1. Осы Президенттік жастар кадр резервін қалыптастыру қағидалары (бұдан əрі – Қағидалар) Президенттік жастар кадр резервін (бұдан әрі – Резерв) қалыптастыру тəртібін айқындайды.
  2. Резервке іріктеуді Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар кадр резерві жөніндегі ұлттық комиссия (бұдан əрі – Ұлттық комиссия) жүзеге асырады.
  3. Резервке іріктеуге отыз бес жастан аспаған, жоғары білімі жəне бес жылдан кем емес еңбек өтілі бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатысады.

Қазақстан Республикасының Президенті тағайындаған адамдар, саяси қызметшілер, «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері, Президенттік жастар кадр резервінде тұрған адамдар Резервке іріктеуге қатысуға жіберілмейді.

  1. Резервке алынған адамдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және жағдайларда Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы уәкілетті комиссияның шешімі бойынша мемлекеттік саяси лауазымдарға, А корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына, «Б» корпусының басшылық лауазымдарына және «Б» корпусының А санаттар тобының лауазымдарына тағайындалуы мүмкін.

Осы тармақта көрсетілген лауазымдарға тағайындау Резервке алынған адамдардың қатарынан, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен өзге де адамдардың қатарынан жүзеге асырылуы мүмкін.

  1. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі, басқа да əскерлері мен əскери құралымдарындағы, сондай-ақ «Қазақстан Республикасы құқық қорғау жəне арнаулы мемлекеттік органдары басшылығының президенттік резервін қалыптастыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 28 тамыздағы № 624 Жарлығына сəйкес жүзеге асырылатын құқық қорғау жəне арнаулы мемлекеттік органдардағы басшы лауазымдарға орналасу мəселелерін реттемейді.

 2-тарау. Резервке іріктеу

  1. Резервке іріктеу келесі кезеңдерден тұрады:

1) кандидаттардың құжаттарын қабылдау;

2) мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау;

3) ситуациялық тапсырмаларды шешу;

4) құзыреттерді бағалау;

5) Резервке іріктеу жөніндегі сарапшылық комиссияда (бұдан əрі – Сарапшылық комиссия) кандидаттармен əңгімелесу;

6) Сарапшылық комиссия Резервке алуға ұсынған кандидаттарды Ұлттық комиссияның отырысында қарау.

Резервке іріктеудің кезеңдері ақпараттық жүйелерді пайдалану арқылы жүргізілуі мүмкін.

Резервке іріктеу кезеңдерін өткізу мерзімдерін Ұлттық комиссия айқындайды.

  1. Іріктеуді жүргізу туралы хабарландыру мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уəкілетті органның (бұдан əрі – уəкілетті орган) интернет-ресурсында, сондай-ақ республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында жəне басқа ресурстарда Резервке іріктеуге қатысуға кандидаттардың құжаттарын қабылдау басталғанға дейін 10 жұмыс күн ішінде жарияланады.

Хабарландыру осы Қағидаларда айқындалған Резервке іріктеудің тəртібі туралы ақпаратты, құжаттарды қабылдау мерзімдерін қамтиды.

  1. Іріктеуге қатысу үшін мынадай құжаттар ұсынылады:

1) жеке басты куəландыратын құжаттың көшірмесі;

2) білім туралы құжаттың көшірмесі;

3) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

4) мемлекеттік тіл бойынша емтиханды тапсырғаны туралы белгіленген нысандағы жарамды ресми сертификат*.

Кандидат құжаттарды тапсыру кезінде Резервті қалыптастыру тәртібімен танысады, осы Қағидаларды қатаң сақтауға, сондай-ақ дербес деректерді жинау мен өңдеуге өз келісімін береді.

  1. Мәтіндік ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалауға осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келетін кандидаттар жіберіледі.
  2. Іріктеудің әрбір кезеңінің қорытындысы бойынша ең жоғары нəтижелерді жинаған кандидаттар Резервке іріктеудің келесі кезеңіне жіберіледі.

Резервке іріктеудің әрбір келесі кезеңіне жіберілетін, ең жоғары нəтижелері бар кандидаттардың шекті санын Ұлттық комиссия айқындайды.

Бірнеше кандидатта тестілеудің бірдей нəтижелері болған жағдайда іріктеудің келесі кезеңіне Ұлттық комиссия айқындаған саннан асатын кандидаттардың саны жіберілуі мүмкін.

  1. Резервке іріктеудің ашықтығын қамтамасыз ету үшін ситуациялық тапсырмаларды шешу және құзыреттерді бағалау кезеңдерінде сарапшылар қоғамдастығының өкілдері тартылуы мүмкін.

Ситуациялық тапсырмаларды шешу және құзыреттерді бағалау кезеңдерін өткізу қорытындылары бойынша кандидаттарға қойылған бағаларды негіздей отырып, әрбір кезең бойынша нәтижелер беріледі.

  1. Сарапшылық комиссияның құрамын Қазақстан Республикасы Президентінің Əкімшілігі, соның ішінде мемлекеттік органдардың басшылары қатарынан айқындайды.

Сарапшылық комиссияның отырысына дайындалу кезінде уәкілетті орган кандидаттар туралы мəліметтерді, оның ішінде тиісті мемлекеттік органдардан сұратылатын мəліметтерді, сондай-ақ кандидаттардың «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының талаптарына сəйкестігін уəкілетті орган қарайды.

Сарапшылық комиссия әңгімелесудің қорытындысы бойынша іріктеудің алдыңғы кезеңдерінің нəтижелерін ескере отырып, ашық дауыс беру арқылы Резервке алуға ұсынылатын кандидаттардың тізімін жасайды жəне Ұлттық комиссияның қарауына жолдайды.

  1. Ұлттық комиссия Қазақстан Республикасы Президентінің шешімімен жасақталады.

Ұлттық комиссия кандидаттарды үш жыл мерзімге Резервке алу туралы шешім шығарады.

Қажет болған жағдайда Ұлттық комиссия кандидаттармен әңгімелесу өткізеді.

  1. Іріктеуге қатыстырудан бас тартудың және оның кез келген кезеңінен шығарудың негізі мыналар болып табылады:

1) кандидаттың Резервті қалыптастыру тәртібін сақтамауы;

2) анық емес ақпаратты және құжаттарды ұсыну;

3) кандидаттардың «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының талаптарына сəйкес еместігі.

 3-тарау. Резервтен шығару

  1. Адамдарды Резервтен шығару:

1) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 3-тармағында көзделген мемлекеттік қызметке қабылдаудан бас тарту үшін негіздер туындаған;

2) шет мемлекеттің азаматтығы болған;

3) Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқан жағдайларда уәкілетті орган тиісті ұсыныстар берген кезде жүзеге асырылады.

 4-тарау. Өтпелі ережелер

  1. Ұлттық комиссияның 2019 жылғы 23 желтоқсандағы хаттамасымен алынған адамдардың Резервте болу мерзімі көрсетілген хаттамаға қол қойылған күннен бастап есептелетін бес жылды құрайды. Көрсетілген мерзім ішінде Резервке алынған адамдар Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы заңнамасына сәйкес саяси және «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері лауазымдарына, сондай-ақ ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялардың басқармаларының төрағалары мен басқарма мүшелері лауазымдарына орналаса алады.

Ескертпе* Мемлекеттік тілді орташа білу деңгейінен (В1) жоғары меңгеру үшін қойылатын талаптарды айқындайтын Ұлттық стандарттарға сәйкес

 

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК

Көрсетілетін қызметті алушы (не оның заңды өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі

Көрсетілетін қызметті алушы (не оның заңды өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі

1) осы Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін қажет);

  1. Жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін қажет).
  2. Денсаулық жағдайы туралы анықтама («Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген № 063/е нысаны) , Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 3 маусымдағы N 469 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2423 болып тіркелген) және «Баланың денсаулық паспорты» 026/у-3 есеп нысанын толтыру және жүргізу жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 24 маусымдағы №026/у-3 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2423 болып тіркелген);

4.баланың 3х4 сантиметр көлеміндегі 2 дана фотосуреті.

Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау үшін заңды өкілдердің келісімімен педагогикалық-медициналық-психологиялық комиссияның қорытындысы қосымша ұсынылады.

Жұмыс кестесі

Жұмыс кестесі

Дүйсенбіден бастап  жұмаға дейін

қоса алғанда

(Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексіне сәйкес, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда)

Өтінішті қабылдау және

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру

сағат 9.00-ден бастап 18.30-ға дейін

жүзеге асырылады.

түскі үзіліс сағат 13.00-ден бастап 14.30-ға дейін.

Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі.

Демалыс күндер : сенбі, жексенбі

порталда: жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы. (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, ҚР Кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады) Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:1) https://mektep2.edu.kz мектеп сайты  2) www.egov.kz. порталда

«Қауіпсіздік кепілдігі»

Құрметті оқушылар мен ата-аналар, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 30 наурыздағы №117 бұйрығына сәйкес 2023 жылы 1 ақпаннан бастап «№ 2 мектеп-лицейі» КММ Қазақстандық компания» ЖШС мамандандырылған күзеті енгізіледі.

Қазақстан Республикасы ТЖМ Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясы