«Мемлекеттік білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне қаржылық және материалдық көмек көрсету» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары
№ 88 Мемлекеттік Қызметтер Заң
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
«Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары
Бірінші лицей сыныбына қабылдау
«Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы №564 бұйрығымен регламенттелген мектепке қабылдау ережесі негізінде.
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің №2 мектеп-лицейі» КММ-нің әкімшілігі.
2022-2023 оқу жылына жаратылыстану-математика бағытындағы бірінші лицей сыныбына сұхбаттасуға өтініш қабылдау туралы хабарлайды.
2022-2023 оқу жылында мектеп конкурстық негізде бір лицей сыныбын ашуды жоспарлап отыр.
Сұхбаттасуға өтініштерді қабылдау
2022 жылғы 25 мамыр-31 мамыр аралығында спортзалдың бірінші қабатында (көшеден кіру)
сағат 9.00-ден 12.00-ге дейін
кезек тәртібінде өтеді.
Жазуды директордың ОЖ жөніндегі орынбасары
Лозовая Г. А. жүзеге асырады.
Байланыс телефоны 53-29-59
Лицей сыныбына сұхбаттасуға жазылу үшін баланың заңды өкілдерінің қатысуы және баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі қажет.
Сұхбаттасу кестесі өтініш қабылданған күні ата-аналардың назарына жеткізіледі.
Сұхбаттасуға өтініш қабылдау үшін ерекше шарттар:
1.«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 маусымдағы Заңының 31 бабының 1 тармағына сәйкес 1 сыныпқа оқуға алты жастан бастап балалар қабылданады.
2.Бала минутына 35-40 сөз оқи алуы тиіс
3.Баланың ой-өрісі дамуы керек (отбасы, табиғат, жолдастар, өмірдегі басты оқиғалар туралы)
4.Бала логикалық, бейнелі ойлауға ие болуы керек
5.Баланың коммуникативтік дағдылары (зейін, ұйымшылдық, дербестік) дамуы тиіс.
- Әңгімелесу 2022 жылғы 2 маусымнан 2022 жылдың 14 маусымға дейін кестеге сәйкес күндізгі форматта өтеді.
❗❗❗Құрметті ата-аналар!
📌Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап барлық білім беру ұйымдарында 1 сыныпқа құжаттарды қабылдау басталады.
📌1 сыныпқа қабылдау қызметін көрсету мерзімі: 1 сәуірден 1 тамызға дейін.
📌Бұл мемлекеттік қызмет «SAKURA: электрондық мектеп» білім беру порталы арқылы электрондық форматта көрсетіледі. https://sakura24.kz/ru/), сондай-ақ egov.kz.
📌Баланың ата-аналары немесе өзге де заңды өкілдері бос орындар болған кезде оқыту үшін кез келген білім беру ұйымын таңдауға құқылы.
📌Мемлекеттік қызметті алу үшін келесі құжаттар қажет:
1️⃣ата-аналардан немесе өзге де заңды өкілдерден өтініш;
2️⃣026/у-3 нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат — «баланың денсаулық паспорты»;
3️⃣065/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат (естеріңізге сала кетейік, медициналық тексеруден өту үшін Н-күндер саны қажет);
4️⃣баланың 3х4 көлеміндегі сандық фотосуреті.
5️⃣Заңды өкілдің ЭЦҚ-сы.
📌Өтініш бір жұмыс күні қаралады.
📌Сіздердің назарларыңызға негізінде, 31-б. 1-т.ҚР «Білім туралы» Заңының 1-сыныбына 6 жастан бастап балалар қабылданады, яғни қыркүйек-желтоқсан айларында туылған балалар бірінші сыныпқа бара алады, өйткені күнтізбелік жылдың соңына дейін олар толық алты жасқа жетеді.
📌Құжаттарды қабылдау мектептің қызмет көрсету аумағынан алғашқы үш өтініш берушіге, содан кейін бір өтініш берушіге басқа шағын учаскеден (3:1 қағидаты бойынша) жүргізіледі.
☎️Барлық туындаған сұрақтар бойынша тікелей мектепке немесе тұрғылықты жердегі білім бөліміне хабарласыңыз.
Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 7 тамыздағы № 332 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 10 тамызда № 21074 болып тіркелді
БҰЙЫРАМЫН:
- «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрығына(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №17553 болып тіркелген, 2018 жылғы 26 қазанда «Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі» АЖ-де электронды түрде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Осы бұйрықпен бекітілген Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларында:
9-2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«9-2. Бастауыш білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының бірінші сыныбына қабылданатын балалардың ата-аналарынан немесе өзге де заңды өкілдерінен құжаттарды қабылдау ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 сәуірінен бастап 1 тамызына дейін жүзеге асырылады.
Тиісті мемлекеттік органдар шектеу іс-шараларын жүзеге асырған, төтенше жағдай енгізілген, белгілі бір аумақта әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайларда білім беру ұйымдарының бірінші сыныбына құжаттарды қабылдау ағымдағы жылғы 20 тамыздан кешіктірілмей жүргізіледі.»;
1-қосымшада 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ портал арқылы жүгінген кезде — бір жұмыс күні.
Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына оқудың күндізгі және кешкі нысанына қабылдау үшін – 20 тамыздан кешіктірмей.».
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім беру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.
- Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі А. Аймагамбетов
2021-2022 оқу жылына жаратылыстану-математика бағытындағы бірінші лицей сыныбына сұхбаттасуға өтініш қабылдау туралы хабарлайды
«Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы №564 бұйрығымен регламенттелген мектепке қабылдау ережесі негізінде. (07.08.2020 жылғы № 332 бұйрыққа өзгерту енгізілді)
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің №2 мектеп-лицейі» КММ-нің әкімшілігі.
2021-2022 оқу жылына жаратылыстану-математика бағытындағы бірінші лицей сыныбына сұхбаттасуға өтініш қабылдау туралы хабарлайды.
2021-2022 оқу жылында мектеп конкурстық негізде бір лицей сыныбын ашуды жоспарлап отыр.
Сұхбаттасуға өтініштерді қабылдау
2021 жылғы 25 мамыр-01 маусым аралығында логопед кабинетінің бірінші қабатында
сағат 9.00-ден 12.00-ге дейін
кезек тәртібінде өтеді.
Жазуды директордың ОЖ жөніндегі орынбасары
Лозовая Г. А. жүзеге асырады.
Байланыс телефоны 53-29-59
Лицей сыныбына сұхбаттасуға жазылу үшін баланың заңды өкілдерінің қатысуы және баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі қажет.
Сұхбаттасу кестесі өтініш қабылданған күні ата-аналардың назарына жеткізіледі.
Сұхбаттасуді өткізу мерзімі 02 .06-16.06 2021 жыл
Сұхбаттасуға өтініш қабылдау үшін ерекше шарттар:
- «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 маусымдағы Заңының 31 бабының 1 тармағына сәйкес 1 сыныпқа оқуға алты жастан бастап балалар қабылданады.
- Бала минутына 30-35 сөз оқи алуы тиіс
- Баланың ой-өрісі дамуы керек (отбасы, табиғат, жолдастар, өмірдегі басты оқиғалар туралы)
- Бала логикалық, бейнелі ойлауға ие болуы керек
- Баланың коммуникативтік дағдылары (зейін, ұйымшылдық, дербестік) дамуы тиіс
Мемлекеттік қызмет стандарттары
Пандемия кезеңінде мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпарат
«Қостанай қаласы білім бөлімінің №2 мектеп-лицейі» ММ пандемия кезеңінде төтенше жағдай және қауіпсіздік шараларын күшейтуге байланысты электрондық пошта, WhatsApp арқылы келесі мемлекеттік қызметтерді жүзеге асыратын болады:
- «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау».Ағымдағы жылдың 1 маусымынан 31 тамыз аралығында «Сакура» электрондық жүйесі арқылы электронды түрде. Жауаптылар: Комурзоева С. А. тел: 87055591899; Сочнева Г. В., тел: 87773020320
- «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау». Жауапты: Голубева Е. А., тел: 87051374485
- «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» Жауапты: Бахаева К.Х., тел:87476013767
- «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін оларды аттестаттаудан өткізуге құжаттарды қабылдау» Жауапты: Ешкина Д.Ю. тел:87053319590.
Сұрақтар бойынша сіз қабылдау бөлмесіне хабарласа аласыз: 8 (7142)54-30-44
E-mail: sch2@kst-goo.kz