Сенбілік
8 ақпан күні біздің мектепте мектеп ауласын қардан тазалау бойынша сенбілік өтті.Сенбілікке бастауыш сынып оқушыларының ата-аналары, сынып жетекшілер, мектеп әкімшілігі, жоғары сынып оқушылары белсене қатысты.
Бәрі бірге тату-тәтті,көтеріңкі көңілмен, жақсы жалынмен мектеп ауласын тазалады.Бастауыш сынып оқушылары да өз ата-аналарына қар жинауға көмектесті. Жабырыңқы ауа райына қарамастан барлығының көңілі жылы және көңілді болды. Сондықтан да жұмыс тез өтіп,уақыт байқамай өтті.Соңында өз еңбектерінің нәтижелерін көру ғанибет болды,өйткені әркім ортақ іске өз үлесін қосты.
Біздің мектептің өміріне белсене қатысатын ата-аналарға үлкен алғыс айтқымыз келеді. Алдағы уақытта да тығыз ынтымақтастық пен толық өзара түсіністікке сенеміз!
Комментарии
Добавить комментарий
Для отправки комментария вам необходимо авторизоваться.