Абайдың 175 жылдығына

Абайдың данышпандылығы  уақытпен тексерілген. Осыған акт залында өткен спектакльде болған әрбір адам көз жеткізді.  Қойылымды қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері дайындады. Абай сахнада  ұрпақтарымен диологка  түсті, асыл ойларымен бөлісті.

Қазақ тілінің талантты және шығармашылық мұғалімдері Г.А.Ботобаева мен Г.Б. Рахимжанованың жетекшілігімен бастауыш сынып оқушылары өз рөлдерін жақсы ойнады. Мұғалімдер мен балалардың актерлік шеберлігі көрермендерді бей-жай қалдырмады.

Мұғалімдер Агитаева А.К. және Байдильдина А.К. Абай поэмасының «Ескендір» қойылымының мысалында көрерменге ақын зұлымдық, ашкөздік, тыңғылықты айыптайды деген ой жеткізді, ал Аристотель бейнесі мысалында: «Лайықты адамды әрдайым адамдар көреді» екенің көрсете білді.

   

Мұғалім  Л.О. Адильханованың  М. Әуезовтың «Абай жолы» кітабынан алған эпизоды  барлығын Абай көп қырлы тұлға болып табылатыны туралы ойлауға түрткі болды. 9 «В» сынып оқушысы Телегин Евгений Абайдың рөлін тамаша сомдады.

   

М. Хәкімжанованың «Мәншүк» шығармасы бойынша қойылым шығармашылықпен дайындалды. Мұғалім Таткенова Г. Х. кейіпкерлердің эмоционалдық қабылдауын күшейтетін безендіруді ойлап тапты ,Мәншүк рөлін 5 «А» сынып оқушысы Закирьянова Жансая жақсы сомдады.

  

Балалардың қойылымдар  туралы пікірлері бір-бірімен сәйкес  келеді: «Мұндай театрлық кездесулер қажет: олар өмір сүруге және жақсы болуға үйретеді».

Біз театр сахна бүкілхалықтық мектеп екенін ешқашан ұмытпауымыз керек.(К. Гоцци)

 

Комментарии


Комментариев пока нет, будьте первым.

Добавить комментарий