«Бір ел — бір кітап» акциясы

Қазақстанда республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы ҚР Мәдениет министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы мен ҚР Кітапханашылар Ассоциациясы бастамасымен 2007 жылдың 18 сәуірінен бастап өткізіліп келеді. Акцияның мақсаты – ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік деген туындыны оқу және насихаттау, оқу ісін ілгерілету, рухани мұрамызды сақтау, сондай-ақ жастарды отаншылдыққа әрі өнегелілікке тәрбиелеу. Сонымен қатар, акция қоғамның отандық әдебиетке, оның ішінде классикаға, қазіргі әдебиет пен поэзияға деген қызығушылығын әрі қарай жоғарылатуына мүмкіндік туғызады.

Оқу әуесқойлары 2007 жылы «Бір ел – бір кітап» акциясын Абай Құнанбаевтың «Қара сөздерінен» бастады.

2008 жылы Мұхтар Әуезовтің «Қилы заман» повесі;

2009 жылы Мағжан Жұмабаевтың «Жан сөзі» лирикалық өлеңдері;

2010 жылы Жұбан Молдағалиевтің «Мен қазақпын» поэмасы;

2011 жылы Жүсіпбек Аймауытұлының «Ақбілек» романы;

2012 жылы Оралхан Бөкейдің «Қайдасың, қасқа құлыным» әңгімелер мен повестері;

2013 жылы Фариза Оңғарсынованың «Дауа» жыр кітабы;

2014 жылы Сайын Мұратбековтің «Жусан иісі» мен «Басында Үшқараның..» шығармалары;

2015 жылы Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы;

2016 жылы Дулат Бабатайұлының «Өсиетнама» өлеңдері;

2017 жылы Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармалары;

2018 жылы үш бірдей автордың көркем туындылары: Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармалары, Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» романы, Немат Келімбетовтің «Үміт үзгім келмейді» повесі таңдалып, оқылды.

2019 жылы Әбділда Тәжібаевтың өлеңдері мен Әбіш Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» романы таңдалып, оқуға ұсынылды.

2020 жыл-Мұхтар Әуезов «Абай жолы» (Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына), Әнуар Тұрлыбекұлы Әлімжанов «Ұстаздың оралуы»  (Әбу Насыр әль Фарабидің 1150 жылдығына)

 

2020 жылғы 25 ақпан

Комментарии


Комментариев пока нет, будьте первым.

Добавить комментарий