«Бір ел — бір кітап» 2020 жылдың кітаптары
«Бір ел – бір кітап» республикалық акциясымен 2020 жылы Қазақстанда жалпыға бірдей оқу үшін Әнуар Әлімжановтың «Ұстаздың оралуы» романы мен Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясы ұсынылып отыр.
Мұхтар Әуезов. «Абай жолы» роман-эпопеясы — қазақтың көркем прозасын жоғары деңгейге көтерген үздік туынды. Бұл романның оқиғаларды тізбектеп сипаттауына да, эстетикалық талғамы мен көркемдік қуатына да жететін шығарма жоқтың қасы. Егер «Абай жолы» эпопеясының барлық кітаптары қазақ халқының жарты ғасырлық өмірін сипаттаса, оның әрбір кітабы Абайдың рухани-адамгершілік жетілуінің белгілі бір кезеңін бейнелейді.
Әнуар Әлімжанов. «Ұстаздың оралуы» романы — бізді орта ғасыр дәуіріне жетелейді. Оқиғалар орта Азия мен Таяу Шығыс қалаларында өрбиді. Бұл жерде шығарманың басты кейіпкері, терең ақылы және кең білімі үшін екінші ұстаз (Аристотельден кейін) атанған Әбу-Насыр әл-Фараби өзінің философиялық трактаттарын жазған.
2020 жылғы 25 ақпан
Комментарии
Добавить комментарий
Для отправки комментария вам необходимо авторизоваться.