Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің №2 мектеп-лицейі» КММ-де мемлекеттік тілді дамытуға бағытталған жұмыс барысы жайында
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының
«Қостанай қаласы білім бөлімінің №2 мектеп-лицейі» КММ-де мемлекеттік тілді дамытуға бағытталған жұмыс барысы жайында
Мектеп-лицейде «Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңын, Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бойынша 2021-2023 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары құрылған. Осы жоспарға сай мектеп-лицейде төмендегідей іс-шаралар атқарылуда:
- Мектеп-лицейде негізгі құжаттар, атап айтқанда негізгі қызмет бойынша және жеке құрам бойынша шығарылатын бұйрықтар, бұйрықтарды тіпкеу кітабы, педагогикалық кеңес, әдістемелік кеңес, директордың қатысуымен болатын кеңес отырыстарының хаттамалары, еңбек келісімшарттары екі тілде ресімделеді.
- Мектеп кітаханасының негізгі қорында қазақ тілінде (оқулықтарды есепке алмағанда) 1680 дана кітап бар. Сондай-ақ ағымдағы жыл басынан кітапхана мен ұжым мүшелерінің атына 16 түрлі мерзімдік басылымдар жазылып алынады.
- Мектеп-лицей сайтына ақпарат 3 тілде жүктеліп отырады.
- Тілдік пәндерді оқыту мәселелері мектепішілік бақылаумен қамтылып, педагогикалық кеңес пен директордың қатысуымен болатын кеңестерде қарастырылады.
- Мектеп дәліздері мен оқу кабинеттерінің қабырғалары екі тілде безендіріледі.
- Өтініштер мен арыздар азаматтардың қалаған тілінде қабылданып, қалаған тілілнде жауап қайтарылады.
- Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытылуын қадағалаушы әкімшілік мүшесі, директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары Утепкалиева З.Т. аталған лауазымдық қызметті 24 жыл бойы атқарып келе жатқан жалпы еңбек өтілі 31 жыл, педагог-зерттеуші санатындағы қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі. Сонымен қатар өткен оқу жылының басынан І санатты басшының орынбасары біліктілік санатына ие.
- Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің жүйелі түрде білім жетілдіру курстарынан өту арқылы біліктіліктерін арттыруға жағдай жасалуда. Соңғы үш жылда 7 мұғалім біліктілік арттыру курстарынан өтіп, өздерінің кәсіби деңгейлерін шыңдады.
- Қазақ тілі мұғалімдерінің сапалық құрамы аттестатттау талаптарына сай: мектеп штатындағы 20 педагог ішінен біреуі бірінші санатты, 10 педагог-зерттеуші, 2 педагог-сарапшы, 5 педагог-модератор, жұмыс өтілі 3 жылға дейінгі 2 мұғалім педагог санаттарына ие.
- Мектеп-лицей оқушыларының тілдік пәндер бойынша облыстық,қалалық, мектепішілік олимпиадаларға, ОҒҚ оқуларына қатысуы жоғары деңгейде ұйымдастырылып келеді деуге болады. 2022-2023 оқу жылында мектеп оқушылары Республикалық пәндік олимпиадалардың қалалық кезеңінде қазақ тілі мен әдебиетінен 9-11 сыныптар арасында төрт І орын, бір ІІ орын, бір ІІІ орынға ие болса, облыстық кезеңде екі І орын, бір ІІ орын, бір ІІІ орын жеңіп алып жоғары нәтижеге қол жеткізді. Сондай –ақ аталған олимпиаданың 5-8 сыныптарға арналған қалалық деңгейінде де мектеп-лицей оқушылары бір ІІ орын, екі ІІІ орынға ие болды.
- Тілдер күніне орай ұйымдастырылған қалалық қашықтықтан өткізілетін олимпиадаға қатысқан екі оқушы да жүлделі ІІ және ІІ орындарға қол жеткізді.
- Республикалық «Зерде» 1-7 сыныптар аралығындағы ғылыми жобаның қалалық іріктеу кезеңінде 7-сынып оқушысы Оджахвердиев Айхан (жетекшісі Адильханова Л.О.) ІІІ орын алды.
- Облыстық «Тіл шамшырақтарының» қалалық іріктеу онлай сайысында 5- сынып оқушысы Колесникова Дарья І орын, 6-сынып оқушысы Сапаралиев Ариет І орын, 7-сынып оқушысы Абдуваитова Руфина ІІІ орын алды. Аталған сайыстың облыстық кезеңінде Колесникова Дарья ІІІ алды.
- Республикалық ОҒҚ оқуларының облыстық кезеңінде 9-сынып оқушысы Капарова Кандализа ІІ орын иеленді (жетекшісі Кенжебаева Ж.К.)
- Мектеп әкімшілігі мен кәсіподақ ұйымы мүмкіндігінше пән бойынша олимпиадаларда ,ОҒҚ оқуларында, басқа да пәндік іс-шараларда жетістікке жеткен оқушылар мен оларды дайындаған мұғалімдерді көтермелеп, марапаттап отырады.
- Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері Адильханова Л.У. 7-сыныпқа арналған «Қаламгерлікті ұштау» тақырыбындағы авторлық жұмысына лицензия алса ( облыстық ОӘК-нің 2022 жылғы 18-тамыздағы №7 хаттамасы), Байдилдина А.К., Торина Г.Қ., Утепкалиева З.Т. 10-11 сынып оқушыларына арналған «Ұлы дала ұлағаты» факультативтік курсының бағдарламасын құрастырып, сараптау комиссиясының қарауына ұсынбақшы.
- Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша соңғы үш жылдағы жалпы мектеп бойынша білім сапасы: 2020-2021 оқу жылында 81%, 2021-2022 оқу жылында – 75,5 %, 2022-2023 оқу жылында – 74 % құрады.
Утепкалиева З.Т., директордың ОЖ жөніндегі орынбасары
Комментарии
Добавить комментарий
Для отправки комментария вам необходимо авторизоваться.