Сайлау учаскелері қандай тәртіппен құрылады?

Сайлау учаскелері сайлаушылар үшін барынша қолайлы жағдай жасау мақсатында және жергілікті және өзге де жағдайларды ескере отырып құрылады.
Сайлау учаскелері мынадай шарттар ескеріле отырып құрылады:
1) әрбір сайлау учаскесінде үш мыңнан аспайтын сайлаушы;
2) әкімшілік-аумақтық бірліктерде әкімшілік-аумақтық құрылымның шекараларын сақтау.
Әскери бөлімдерде, ҚР-ға тиесілі және сайлау күні жүзіп жүрген кемелерде, демалыс үйлерінде, санаторийлерде, стационарлық емдеу-алдын алу мекемелерінде, шалғай және жету қиын аудандарда азаматтар орналасқан жерлерде, шалғайдағы мал шаруашылығы учаскелерінде, тергеу изоляторлары мен уақытша ұстау изоляторларында тиісінше, олардың орналасқан жері, кеменің тіркелген порты немесе орналасқан жері бойынша сайлау округтеріне кіретін сайлау учаскелері құрылады.

#сайлау2022

Дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәлігі

Егер Қазақстан Республикасының Президентін сайлау күні жол жүріп кетуіне байланысты азаматтың өз сайлау учаскесінде дауыс беру мүмкіндігі болмаса, онда оған баратын жеріндегі сайлау учаскесінде дауыс беруге болады. Ол үшін 4-19 қараша аралығында тіркелген жеріндегі сайлау учаскесінен алған есептен шығару куәлігі болуы қажет.
Әр адамның дауысы маңызды!

#сайлау2022

Күзгі-қысқы кезеңдегі мұздағы қауіпсіздік ережелері

Құрметті ата-аналар!

Суық ауа райының басталуымен, су объектілері қата бастаған кезде жазатайым оқиғалар бола бастайды. Осыған байланысты, балаларыңызға көңіл аударып, жұқа мұзға шығу қаупі туралы айтыңыздар. Балаларыңыздың бос уақытын қайда өткізетініне қызығушылық танытыңыздар. Күзгі-қысқы кезеңде балалардың су айдындарында болуына және өтуіне жол бермеңіздер. Әсіресе мұз ойындары өте қауіпті!
Құрметті ересектер! Балаларға назар аударыңыздар, олардың мұзға шығу әрекеттерін тоқтатыңыздар, ұқыпсыздық қайғылы жағдайға айналуы мүмкін!
Қайғылы оқиғаны болдырмау үшін бірнеше қарапайым ережелерді білу және сақтау жеткілікті. Парақшаларды қараңыздар

Сайлаушылар тізімдеріндегі өзіңіз туралы деректерді қалай тексеруге болады?

Сайлау тізімдеріне енгізу рәсімінен өткеннен кейін Сіз сайлау комиссиясына жүгіну арқылы өзіңіз туралы деректерді тексеруге құқылысыз.
Әркімнің дауысы маңызды!

#сайлау2022

№ 2 мектеп-лицейінің қоңырау кестесі

№ 2 мектеп-лицейінің қоңырау кестесі

1 ауысым (40 минут)   2 ауысым (40 минут)
1 сабақ 8.00-8.40 1 сабақ 14.00-14.40
2 сабақ 8.45-9.25 2 сабақ 14.45-15.25
3 сабақ 9.35-10.15 3 сабақ 15.35-16.15
4 сабақ 10.30-11.10 4 сабақ 16.25-17.05
5 сабақ 11.15-11.55 5 сабақ 17.15-17.55
6 сабақ 12.00-12.40 6 сабақ 18.00-18.40
7 сабақ 12.45-13.25 7 сабақ 18.45-19.25
8 сабақ 13.30-14.10
2 сабақтан кейін 10 минут,

3 сабақтан кейін 15 минут

2 сабақтан кейін 10 минут,

3 сабақтан кейін 10 минут,

4 сабақтан кейін 10 минут

iKomek жобасы

Елбасының хаттамалық тапсырмасын орындау мақсатында Қостанай қаласында бірыңғай нөмірі 109 iKomek жобасы іске асырылды.

Орталық тәулік бойғы режимде коммуналдық кәсіпорындардың call-орталықтарын біріктіреді және 24/7 жұмыс істейтін қала тұрғындарымен байланыс жасайтын бірыңғай нүкте болып табылады.

iKomek орталығының басты мақсаты – кеңес беру мәселелерінің 90%-ын қашықтан жедел деңгейде шешу, сол арқылы халықтың мемлекеттік органдарға деген сенімін арттыру.

Бірінші лицей сыныбына қабылдау

«Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің  2018 жылғы 12 қазандағы №564 бұйрығымен регламенттелген мектепке қабылдау ережесі негізінде.

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің №2 мектеп-лицейі» КММ-нің әкімшілігі.

2022-2023  оқу жылына жаратылыстану-математика бағытындағы бірінші лицей сыныбына сұхбаттасуға өтініш қабылдау туралы хабарлайды.

 

2022-2023 оқу жылында мектеп конкурстық негізде бір лицей сыныбын ашуды жоспарлап отыр.

Сұхбаттасуға өтініштерді қабылдау

2022 жылғы 25 мамыр-31 мамыр аралығында спортзалдың бірінші қабатында (көшеден кіру)

сағат 9.00-ден 12.00-ге дейін

кезек тәртібінде өтеді.

 

Жазуды директордың ОЖ жөніндегі орынбасары

Лозовая Г. А. жүзеге асырады.

Байланыс телефоны 53-29-59

 

 

Лицей сыныбына сұхбаттасуға жазылу үшін баланың заңды өкілдерінің қатысуы және баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі қажет.

Сұхбаттасу  кестесі өтініш қабылданған күні ата-аналардың назарына жеткізіледі.

Сұхбаттасуға  өтініш қабылдау үшін ерекше шарттар:

1.«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 маусымдағы Заңының 31 бабының 1 тармағына сәйкес 1 сыныпқа оқуға алты жастан бастап балалар қабылданады.

2.Бала минутына 35-40 сөз оқи алуы тиіс

3.Баланың ой-өрісі дамуы керек (отбасы, табиғат, жолдастар, өмірдегі басты оқиғалар туралы)

4.Бала логикалық, бейнелі ойлауға ие болуы керек

5.Баланың коммуникативтік дағдылары (зейін, ұйымшылдық, дербестік) дамуы тиіс.

  1. Әңгімелесу 2022 жылғы 2 маусымнан 2022 жылдың 14 маусымға  дейін кестеге сәйкес күндізгі форматта өтеді.

❗❗❗Құрметті ата-аналар!

📌Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап барлық білім беру ұйымдарында 1 сыныпқа құжаттарды қабылдау басталады.
📌1 сыныпқа қабылдау қызметін көрсету мерзімі: 1 сәуірден 1 тамызға дейін.
📌Бұл мемлекеттік қызмет «SAKURA: электрондық мектеп» білім беру порталы арқылы электрондық форматта көрсетіледі. https://sakura24.kz/ru/), сондай-ақ egov.kz.
📌Баланың ата-аналары немесе өзге де заңды өкілдері бос орындар болған кезде оқыту үшін кез келген білім беру ұйымын таңдауға құқылы.
📌Мемлекеттік қызметті алу үшін келесі құжаттар қажет:
1️⃣ата-аналардан немесе өзге де заңды өкілдерден өтініш;
2️⃣026/у-3 нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат — «баланың денсаулық паспорты»;
3️⃣065/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат (естеріңізге сала кетейік, медициналық тексеруден өту үшін Н-күндер саны қажет);
4️⃣баланың 3х4 көлеміндегі сандық фотосуреті.
5️⃣Заңды өкілдің ЭЦҚ-сы.
📌Өтініш бір жұмыс күні қаралады.
📌Сіздердің назарларыңызға негізінде, 31-б. 1-т.ҚР «Білім туралы» Заңының 1-сыныбына 6 жастан бастап балалар қабылданады, яғни қыркүйек-желтоқсан айларында туылған балалар бірінші сыныпқа бара алады, өйткені күнтізбелік жылдың соңына дейін олар толық алты жасқа жетеді.
📌Құжаттарды қабылдау мектептің қызмет көрсету аумағынан алғашқы үш өтініш берушіге, содан кейін бір өтініш берушіге басқа шағын учаскеден (3:1 қағидаты бойынша) жүргізіледі.
☎️Барлық туындаған сұрақтар бойынша тікелей мектепке немесе тұрғылықты жердегі білім бөліміне хабарласыңыз.