Өрт туындаған жағдайдағы іс-әрекет тәртібі
Өрт туындаған жағдайда балалар мекемелері қызметкерлерінің және тартылатын адамдардың іс-әрекеттері, балалардың қауіпсіздігін, оларды эвакуациялау мен құтқаруды қамтамасыз етуге бағытталуы тиіс.
Өрт немесе оның белгілерін (түтіндеу, жанудың немесе әр түрлі материалдардың жануы, температураның көтерілуі және т. б.) анықтаған балалар мекемесінің әрбір қызметкері МІНДЕТТІ:
а) бұл туралы 101 нөміріне телефон арқылы өрт сөндіру бөліміне дереу хабарлау (Бұл ретте мекеменің мекен-жайын, өрттің пайда болған жерін нақты айту, сондай-ақ лауазымын және тегін хабарлау);
б) адамдарды өрт туралы хабардар ету жүйесін іске қосу, эвакуациялау жоспарына сәйкес балаларды ғимараттан қауіпсіз жерге көшіруге басқа адамдарды қатыстыру;
в) өрт туралы балалар мекемесінің басшысына немесе оны алмастыратын қызметкерге хабарлау;
г) өрт сөндіру бөлімшелерін қарсы алуды ұйымдастыру, мекемеде бар өрт сөндіру құралдарымен өртті сөндіру жөнінде шаралар қабылдау.
Эвакуациялау және өртті сөндіру кезінде ҚАЖЕТ:
а) қалыптасқан жағдайды ескере отырып, қысқа мерзімде адамдарды қауіпсіз аймаққа көшіру мүмкіндігін қамтамасыз ететін ең қауіпсіз эвакуациялық жолдар мен шығу жолдарын анықтау;
б) үрей тудыруға ықпал ететін жағдайларды болдырмау. Осы мақсатта мектеп мұғалімдеріне, тәрбиешілеріне және басқа да қызметкерлеріне өрт шыққан сәттен бастап және оны жойғанға дейін балаларды қараусыз қалдыруға болмайды.;
в) балаларды эвакуациялауды өрт пайда болған жайдан және оттың және жану өнімдерінің таралу қаупі төнген онымен жапсарлас жайлардан бастаған жөн. Кіші жастағы балалар мен науқастарды бірінші кезекте эвакуациялау керек;
г) қысқы уақытта эвакуацияны жүзеге асыратын адамдардың қалауы бойынша ересек жастағы балалар алдын ала киінуі немесе өзімен бірге жылы киім алуы мүмкін, ал кіші жастағы балаларды көрпелерге немесе басқа да жылы киімдерге орап шығару немесе шығару керек.;
д) кереуеттер, парталар, шкафтарда немесе басқа орындарда жасырынған балалардың қауіпті аймақта болу мүмкіндігін болдырмау үшін барлық жайларды мұқият тексеру;
е) ғимараттан көшірілген барлық балаларды топтар мен сыныптарда бар аттас тізімдер бойынша тексеру;
ж) балалар мен қызметкерлердің өрт шыққан ғимаратқа қайтып оралуын болдырмау үшін ғимарат айналасында қауіпсіздік бекеттерін қою;
з) терезелер мен есіктерді ашудан, сондай-ақ оттың және түтіннің аралас жайларға таралуын болдырмау үшін әйнектерді бөлшектеуден тартынуға тиіс. Жайдан шығарда есіктер мен терезелерді жабу.
Комментарии
Добавить комментарий
Для отправки комментария вам необходимо авторизоваться.