«Мұғалім-ауысым агенті: «Рухани Жаңғыру » бағдарламасын жүзеге асыру аясында оқу-тәрбие жұмысының ерекшеліктері»
2018 жылғы 2 қарашасында №2 мектеп-лицейінде «Мұғалім-ауысым агенті: «Рухани Жаңғыру » бағдарламасын жүзеге асыру аясында оқу-тәрбие жұмысының ерекшеліктері» тақырыбы бойынша педагогикалық кеңес өтті:
Мақсаты: оқу — тәрбие үрдісінде Мәңгілік Ел идеясы мен «Рухани Жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асырудың тиімді әдістері мен формаларын іздеу .
Міндеттері:
- «Тәрбие және Білім» кіші бағдарламасының педагогикалық аспектілерін түсіну.
- «Өлкетану», «Отаным-тағдыр», «Саналы — азамат» базалық бағыттары бойынша оқу-тәрбие үрдісін жобалау әдістеріне оқыту»
- Мәңгілік Ел идеясы мен «Рухани Жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру контекстіндегі тәрбие жұмысының жоспарын, сыныптан тыс іс-шараларды талдау.
Педагогикалық кеңестің қонағы «Рухани Жаңғыру» аймақтық жобалау кеңсесінің жетекшісі С. Ш. Манасбаев болды,ол қатысушыларды «Рухани Жаңғыру» бағдарламасының архитектурасымен таныстырды.
Манасбаев С.Ш. әдістемелік ұсынымдар негізінде Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА «Рухани Жаңғыру»бағдарламасын іске асыру шеңберінде жұмыстарды жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеген оқу-тәрбие іс-шараларын талқылаған және жобалаған кафедра модераторларына жақсы баға берді.
Комментарии
Добавить комментарий
Для отправки комментария вам необходимо авторизоваться.