2017-2018 оқу жылындағы №2 лицей-мектептің жанындағы жазғы лагерьдегі «Black star» тобының есебі
2017-2018 оқу жылындағы №2 лицей-мектептің жанындағы жазғы лагерьдегі II ауысым 18.06-29.06 аралығында ұйымдастырылды. «Black star» тобы берілген жоспар бойынша жұмыс жүргізді.
Мақсаты:
- тілдік білім жүйесін танып біле отырып, оларды сөйлеу әрекеттерінде қолдану
- қазақ халқының материалдық, рухани және тарихи-мәдени байлығын тіл арқылы таныту;
- күнделікті өмірде кездесетін жағдаяттарды талқылай алу.
- өз ойын ерекше жеткізе алуға дағдыландыру.
Жұмыстың тәрбиелік мақсаттары-балалардың жаз мезгіліндегі демалысын, сауықтырылуы мен тиімді әрі мағыналы өткізуге жағдайлар жасау, қауіпсіздік ережелерін үйрете отырып салауатты өмір салтын қалыптастыру, рухани және мәдени білімдерін жетілдіру, Отан сүйгіштік -патриоттық сезімін арттыру.
«Black star» тобына келген әрбір оқушыны алдымен жақсылыққа, адамгершілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелей отырып, оқушылардың жазғы демалыс уақытын тиімді пайдалана білуге үйрету.
«Black star» тобының құрамында 10 бала қамтылды:
Оның ішінде 1 бала (тегін) ақысыз Мухамедиев Аслан.
Өткізілген іс- шаралар:
«Black star» тобының алғашқы күні «Сәлем, достар!» іс-шарасынан басталды. Іс- шара кезінде балалар бір-бірімен танысып, көңілді ойындар ойнады және топ атауы мен әнұранын анықтады.
Лагерьдің ашылу салтанатында балалар би билеп, әр түрлі ойындар ойнап, ән айтып, ертегі кейіпкерлерінің қызықты қойылымдарын тамашалады. Мереке көңілді өтті. Балаларды лагерь кезіндегі қауіпсіздік ережелерімен таныстырып, инструктаж ұйымдастырылды.
Күнделікті таңғы жаттығу музыка мен билеуден басталады.
Ертегі күні «Ертегілер байқауына» Мухамедиев Аслан, Параскеева Арина, Айтжанов Айдар, Ким Алексей, Шоқан Диас, Рахметжан Алихан, Ахметова Айдана, белсенді қатысып «Три поросенка» ертегісін сахналап, өз шығармашылық өнерін көрсете білді.
Қазақ тілінен «Білгіштер» ойынына топ балалары белсенді қатысты, 1 орынға ие болды.
20 маусым күні балалар қалалық Пушкин атындағы кітапханасына саяхат жасады. Саяхат барысында балалар қызықты кітаптармен, ақпараттармен танысып, кітапхананың оқырман тізіміне жазылды.
Оқушылар мектеп алаңында күн сайын спорттық, ұлттық ойындар ойнап, би билеп, әртүрлі сайыстарға қатысты.
Құрастырылған жоспарға сәйкес «Дүкенде. Дүкенде сауда жасау. Ұлттық тағамдар», «Менің пәтерім. Тұрмыстық заттар», «Ұлттық ойындар. Тоғызқұмалақ. Спорт ойындары …» т.б. қазақ тілі сабақтары өткізілді. Қалалық демалыс паркі, Жеңіс паркіне саяхат барысында балалар көрікті орындармен танысты, демалды.
Спорт күні «Зарница» атты патриоттық ойын өтті, балалар берілген тапсырмаларды орындап жақсы деңгейде болды. Мектеп алаңында түрлі қызықты ойындар балалардың қызығушылықтарын арттыра түсті.
Жоспар бойынша оқушылар » Lazer tag» ойын орталығында топтық ойынға қатысты.
Бизнес күні балалар «Акваface» және «Aslan-Aidar» жекеменшік кәсіпорындарын ұйымдастырды.
Жоспар бойынша балалар Толстой атындағы облыстық кітапханасынана ки саяхат жасап, қызықты фильм тамашалады .Қалалық балалар шығармашылық мектебіндегі іс-шараға қатысып белсенді қатысқаны үшін мадақтама қағазын алды.
Лагерьдің соңғы күні балалар қаланың орталығына саяхатқа шығып, қызықты ойындар ойнады
Қорытынды:
· Жазғы мектеп жанындағы «Black star» тобының жұмыс барысы жоспар бойынша өткізілді, өз деңгейіне жетті.
· Қазақ тіліндегі негізгі грамматикалық нормалары меңгерілді.
· Ұлттық ойындар, логикалық және спорттық ойын түрлері арқылы балалардың қызығушылығы артты
Комментарии
Добавить комментарий
Для отправки комментария вам необходимо авторизоваться.