Мерейтойлық кітаптар бойынша театрландырылған қойылымдар

«Оқитын мектеп – оқитын ұлт» және «Балалар мен театр» республикалық жобалары аясында №2 мектеп-лицейінде 2022 жылғы мерейтойлық кітаптар бойынша театрландырылған қойылымдар өтті.

Оқушылар талантты түрде қазақ және әлем әдебиеті шығармаларының кейіпкерлеріне айналды. Театр сахнасында М. Әуезов, А.Пушкин, А. Грибоедов, И. Тургенев, Н. Гоголь, В. Медведев, Э. Успенский  ,Ш. Перро, Сент-Экзюпери, Конан Дойлдың кейіпкерлері өмірге келді.

Жас актерлер өз ойынымен көрермендерге адалдық, мейірімділік пен өзара түсіністіктің қаншалықты баға жетпес екендігі туралы ойларды жеткізуге тырысты.

Театр шығармашылығы мектеп оқушыларын жеке тұлғаның, Таланттың, адамгершіліктің, руханияттың және белсенді өмірлік ұстанымның шығармашылық бастамасының бастауы болып табылатын әдемі әлеммен таныстырады.

Комментарии


Комментариев пока нет, будьте первым.

Добавить комментарий