Қазақ әдебиетінің классигі, ұстаз, қоғам қайраткері Бейімбет Майлиннің туғанына 130 жыл
Қазақ әдебиетінің классигі, педагог, қоғам қайраткері Бейімбет Майлиннің 130 жылдығына орай «Біртұтас тәрбие» бағдарламасыноың «Ұшқыр ой алаңы» жобасын іске асыру аясында 9 сынып оқушылары үшін кітапхана меңгерушісі «Алып ұшқан жүрек тек қана жақсылыққа сенді» атты оқырман конференциясын өткізді.
«Шұғаның белгісі» повесінің үзіндісін сахналау, Майлиннің өзі мен оның құрметіне балалар жазған өлеңдерін қазақ және орыс тілдерінде мәнерлеп оқу, «Шұғаның белгісі» повесінің жазылу тарихы», «Майлин – педагог», «Майлин- қоғам қайраткері», «Майлин отбасының тағдыры» баяндамалары, «Майлин көшесі», «Майлиннің әдебиет пен өнердегі бейнесі» бейне жобалары көрсетілді.
Б.Майлин шығармашылығының білгірі және құрметті қонақ ретінде конференцияға жазушы, журналист, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Ақылбек Шаяхметов қатысты.
Комментарии
Добавить комментарий
Для отправки комментария вам необходимо авторизоваться.