Андрей Дементьев өзінің «Ана туралы Баллада»

Соғыс туралы өлеңдер тек поэтикалық қана емес, сонымен бірге тарихи мұра болып табылады. Олар ерлік пен батырлық рухын суреттеумен бірге, біздің жауынгерлеріміздің қатал соғыс жылдарында бастан кешкендерін  әңгімелейді.

Соғыс туралы өлеңдер оқи отырып, біз кейіпкерлерімен бірге майдандағы сарбазға қаншалықты қиын болғанын және анасының балаларын соғысқа қалай шығарып салғанын түсінеміз.

Андрей Дементьев өзінің «Ана туралы Баллада» шығармасында дәл осы тақырыпты көтереді. Оның шығармашылығы  әрдайым қарапайым және түсінікті болды, бірақ бұл шығарма ерекше орын алады.

Ана бейнесі- қамқорға, сүйіспеншілікке,  күтуге толы,себебі ол ана. Автор ананың жүрегінен артық жүрек жоқ  екенін көрсетеді. Жылдар өтуде, ал ұлы әлі де жоқ, анаға тек кинолентадағы Алексейдің тірі кезіндегі, оның батыр кезіндегі үзінділерді есінде  сақтау ғана қалмақ. Ана жүрегі ұлының бұл өмірде ендігі жоқ екендігі туралы ойды қабылдамайды, алайда қатал шындық керісінше нұсқайды.

Сіздердің назарларыңызға бейнеролик ұсынамыз.

Комментарии


Комментариев пока нет, будьте первым.

Добавить комментарий