«Жетекші мектеп: көшбасшылық және кәсіби даму» форумы
2020 жылдың 30 қыркүйегінде мектеп педагогтары Қостанай қ.Педагогикалық шеберлік Орталығының филиалы ұйымдастырған «Жетекші мектеп: көшбасшылық және кәсіби даму» онлайн форумына қатысты.
Форумның мақсаты жетекші және серіктес мектептердің желілік жұмысын жандандыру арқылы педагогтердің кәсіби қоғамдастықтары қызметінің ұйымдастырушылық-әдістемелік жағдайларын жасау болып табылады.
Форумның негізгі міндеттері:
— педагогтердің көшбасшылық қасиеттерін дамыту және тұрақты желілік қоғамдастықтарын қалыптастыру бойынша диалогқа жағдай жасау;
-Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарының жетекші мектептерінің желілік қоғамдастықтарды ұйымдастырудағы және өзара іс-қимылдағы үздік тәжірибесін ұсыну;
— Қазақстан өңірлерінің білім беру ұйымдарының қатысушыларын қызметтің түрлі бағыттары бойынша желілік қоғамдастықтарға біріктіруге ықпал ету.
Форумның пленарлық отырысында № 2 мектеп-лицейінің директоры Дандыбаева Гүльфия Тулегеновна «Мектепті басқарудың сын-қатерлері және тиімді шешімдер» тақырыбымен сөз сөйледі. Ол «Шеберлік» кәсібилік академиясы форматында заманауи мектепті басқарудың инновациялық тәжірибесімен таныстырды.
Форумның «Әлемнің үздік мектептерінің кейсі: мектепті, сыныпты, өзін басқару», «Ұжымдық қызметті ұйымдастыру кезінде agile-тәсілді және scrum-технологияларды қолдану», «Жетекші мектептердің жұмысында мұғалімдердің кәсіби дамуын қолдау стратегиясы «Опций» Моделі практикалық алаңдары қызықты және пайдалы болды.
1 қазан 2020
Комментарии
Добавить комментарий
Для отправки комментария вам необходимо авторизоваться.