«Жарқын болашақ» қазақ тілі бойынша оқушыларға арналған Республикалық олимпиадасының облыстық кезеңіне қатысу туралы

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Дарынды балаларға арналған БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ лицей-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі базасында 2020 жылғы  3 наурызда «Жарқын болашақ» қазақ тілі бойынша оқушыларға арналған Республикалық олимпиадасының облыстық кезеңі өтті.

Олимпиадаға № 2 мектеп-лицейінің 3 оқушысы қатысты: Боромбаева Бегимай 11 сынып, Есиргепов Қуат 9 сынып, Шаурен Аружан 7 сынып.

Олимпиада қорытындысы бойынша Боромбаева Бегимай 3 орынға ие болды.

Бегимайды құттықтаймыз, жаңа жетістіктер тілейміз және қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Бекбулатова Рауза Фазылхановнаға алғыс білдіреміз.

 

6 наурыз 2020 жыл

Комментарии


Комментариев пока нет, будьте первым.

Добавить комментарий