РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПРЕЗИДЕНТТІК ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ ШЫРШАҒА 100 БАЛА ҚАТЫСТЫ
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПРЕЗИДЕНТТІК ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ ШЫРШАҒА 100 БАЛА ҚАТЫСТЫ
🔴Елордада Қазақстан Республикасы Президентінің атынан балаларға арналған «Жаңа жыл республика төрінде» республикалық шырша тойы өтті. Оған еліміздің барлық өңірлерінен 100-ден астам бала қатысты.
❄️Шырша салтанатына қатысушылардың ішінде он жасар Малика Мұхамеджанова да бар. Солтүстік Қазақстан облысы Аққайын ауданы Смирново ауылындағы №2 мектеп-гимназиясының оқушысы бұл шара үшін арнайы өз қолымен 100 тірі раушан гүлінен сәнді көйлек тігіпті.
«Бүгін бәрі ертегідей. Мені бұл көрініс аса таң қалдырды. Барлығы сондай сәнді, мен де бүгінгі салтанатқа орай өзіме әдемі көйлек тіктім. Мереке үшін рахмет!», — дейді Малика.
⛸Отбасы үлгісіндегі балаларды қолдау орталығының тәриеленушісі, Маңғыстау облысынан келген Виктор Бояркин Президенттен шақырту алғаны үшін алғысын білдірді. Үшінші сынып оқушысы каратэмен айналысады және домбырада ойнайды.
«Шырша тойына қатысқаным үшін аса қуаныштымын. Оның үстіне бізге көптеген сыйлықтар берілді. Осындай шексіз қуаныш сыйлаған Президентке және барша қатысушыларға рахмет айтамын», — дейді ол.
🫐Шыршаға шақырылған балаларға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан Құттықтау хат табыс етілді.
«Айналайын балақай! Сені Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын! Осы тамаша мейрам өзіңді қуаныш пен шаттыққа бөлесін! Өмірің жарқын сәттерге толы болсын! Кітап оқы, спортпен шұғылдан, табиғатты аяла және жақсылық жасауға ұмтыл! Білімпаз, еңбекқор, адал азамат бол! Асқақ армандарың ақиқатқа айналсын! Саған зор денсаулық, толағай табыс тілеймін!», — деп жазды Президент балаларға арналған құттықтауында.
🎄Балалармен бірге шырша шамын еліміздің бас педагогі Ғани Бейсембаев жақты.
«Бүгін өздеріңіз сынды 6 миллионнан астам бала Жаңа жыл мерекесін тойлауда және республикамыздың 20 өңірінен жүздеген бала осы Президент шыршасына қатысып, үлкен мерекелі тойды бірге өткізудеміз. Жалпы сіздер осы үш күн бойы әсем қаламыз Астананың ең көрікті жерлерін араладыңыздар. Оның ішінде тәуелсіздік символына айналған Бәйтерекке де бардыңыздар. Мемлекет сіздердің бақытты балалық шақтарыңыз үшін барлық мүмкіндіктерді жасауда. Ендігі жерде, құрметті жас достар, сіздер де сабақтарыңызды беске оқып, саналы тәрбие алып, осы елдің беделді, мықты азаматы болып өсулеріңізге барлық мақсат-мұраттарыңызды арнауға тиіссіздер», — деді Оқу-ағарту министрі.
🛷Балалар үшін елорданың үздік шығармашылық ұжымдарының 400 әртісі мерекелік көңіл-күй сыйлады, «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының солистері «Күлбикеш» спектаклінің қойылымын тарту етті. Балалар қазақстандық атақты әртістер Маржан Арапбаева, Қарақат Әбілдина, Ержан Максиммен шыршаны айналып ән айтып, би биледі.
🎁Шара соңында барлық қонақтарға Қазақстан Республикасы Президентінің атынан жаңа жылдық сыйлықтар табыс етілді.
Комментарии
Добавить комментарий
Для отправки комментария вам необходимо авторизоваться.