Педагог лауазымдарына Конкурс
Педагог лауазымдарына Конкурс
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің №2 мектеп-лицейі» КММ
Қостанай қ., Дулатов к-сі, 72
Телефон: 8 (7142) 54 30 44
ЭЛ.пошта: shl2@kst-goo.kz
Педагог лауазымдарына тағайындау конкурсын жариялайды
— директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарының бос лауазымына – 1 мөлшерлеме
— директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарының уақытша бос лауазымына-1 мөлшерлеме
— педагог-психологтың уақытша бос лауазымы — 0,5 ставка
Конкурсқа қатысу үшін үміткер келесі құжаттарды электронды немесе қағаз түрінде жібереді:
1)конкурсқа қатысу туралы өтініш (нысан бойынша)
2)жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты жерінің мекенжайын және байланыс телефондарын көрсете отырып;
4) педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5)еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) «Денсаулық сақтау саласындағы есептік құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген);
7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) Наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса)
10) педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы (нысан бойынша)
11) кандидат үшін ұзақтығы кемінде 15 минут, ең төменгі рұқсаты – 720 x 480 өтілі жоқ бейнепрезентация.
Құжаттардың біреуінің болмауы кандидатқа құжаттарды қайтару үшін негіз болып табылады.
Құжаттарды қабылдау мерзімі
2024 жылғы 08 қаңтардан 12 қаңтарға дейін
Құжаттарды көрсетілген мерзімде эл.мекенжайы shl2@kst-goo.kz «педагог лауазымына тағайындау конкурсы» деген белгімен немесе қағаз түрінде
Комментарии
Добавить комментарий
Для отправки комментария вам необходимо авторизоваться.