Мұғалімнің әдістемелік шеберлігі-оқыту сапасының негізі

Ы.Алтынсариннің мерейтойына арналған лицей мектебінің онкүндігі аясында 28.01.2021 ж. әдістемелік шеберліктің онлайн алаңы жоспарланып өткізілді. Педагог-өз ісінің шеберлері Шлафман И.О., Быстрова И.О.,Баранова Т.В. өз пәндерін оқытудағы әдістемелік табыстарымен Шлафман И.О. «Физика бойынша есептерді шешу» вариативтік курсын тиімді оқыту тәжірибесімен таныстырды. Быстрова И.О. ағылшын тілінің грамматикасын оқытуда коммуникативтік-когнитивтік тәсілді қолданудың маңыздылығы туралы хабарлады.

Баранова Т.В. интерактивті режимде Қашықтықтан оқытудың жаңа құралдарын пайдалану тәжірибесін ұсынды, шағын-тренингтер өткізді. Сондай-ақ, педагог әріптестеріне арнайы мастер-класста цифрлық құралдарды үйретуді ұсынды. Педагогтардың бағалауы бойынша, пед. шеберлік олардың әдістемелік жүгін байытты.

29 қаңтар 2021 жыл

Комментарии


Комментариев пока нет, будьте первым.

Добавить комментарий