«Математика, физика және информатика пәндерін оқытуда оқытудың тиімді стратегияларын енгізу» тақырыбында қалалық әдістемелік отырыс өтті.

2020 жылғы 21 қазанында Қостанай қаласының білім бөлімінің әдістемелік кабинеті № 2 мектеп-лицейімен бірлесіп онлайн-конференция форматында «Математика, физика және информатика пәндерін оқытуда оқытудың тиімді стратегияларын енгізу» Қалалық білім бөлімінің кезекті отырысын өткізді.

Онлайн отырыс барысында жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында пәндерді сапалы оқытудың өзекті мәселелері талқыланды. №2 мектеп-лицейінің математика пәні мұғалімдері қашықтықтан оқыту кезінде оқу жетістіктерін бағалау бойынша өз қызметінің тиімді тәжірибесімен бөлісті. Чуб Ирина Васильевна қашықтықтан оқыту кезінде топтық жұмысты ұйымдастыру тәжірибесімен бөлісті, ал Жас педагог Сейдалинов Руслан Аюпович onlineTestPad сайтын білім алушыларға жеке бағалау жүргізу кезінде пайдалану туралы айтып берді.
Бычихина Анастасия Александровна, информатика пәнінің мұғалімі конференцияға қатысушыларды сайтты құру алгоритмімен, қашықтықтан оқыту жағдайында қолдану әдістерімен таныстырды.
Сондай-ақ, отырыста №9 ОМ және №11 ОМ мұғалімдері сөз сөйледі.
Осы іс-шара аяқталғаннан кейін онлайн-конференцияға қатысқан МӘ басшылары, математика, физика және информатика мұғалімдері өз пікірлерін білдіріп, білім беру сапасын жақсарту бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар енгізді.
Педагогтарға іс-шараға қатысқаны үшін алғыс айтамыз!

  

Директордың ҒӘЖ жөн.орынбасары Ешкина Д.Ю.

23 қазан 2020 жыл

Комментарии


Комментариев пока нет, будьте первым.

Добавить комментарий