Қостанай қаласы әкімдігі білім бөлімінің № 2 мектеп-лицейіндегі Білім күнін өткізу туралы ақпарат

2018 жылдың 1 қыркүйегінде №2 мектеп- лицейінде 1,8,9,10,11 сынып оқушылары үшін  Білім күніне орай «Мен өз елімнің патриотымын!» атты  салтанатты жиын өтті .

Бұл іс-шараға барлығы 500 мектеп оқушы қатысты. Салтанатты жиынға Қостанай қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі басшысының орынбасары Есенова Зайра Мырзабекқызы, «Дарын»орталығының әдіскері  Попова Марина Юрьевна  қатысты. «Мен өз елімнің патриотымын» салтанатты жиыны Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындаумен ашылды,одан кейін №2 мектеп-лицейінің  директоры  Дандыбаева Г. Т. барлық қатысушыларды Білім күнімен құттықтап ,оқушыларға жаңа жетістіктер, сарқылмас оптимизм және өз елінің лайықты азаматы болуға ұмтылуды тіледі.

Бірінші сынып оқушыларына Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың атынан «Менің Отаным — Қазақстан» атты кітап сыйға тартылды,бұл  бірінші сынып оқушылары үшін ғана емес, олардың ата-аналары үшін де есте қаларлық оқиға болды.

 

Іс-шара бірінші сынып оқушыларының сөз сөйлеуімен,түлектердің тілек сөздерімен  аяқталды.

Салтанатты жиыннан  кейін 1-11 сыныптарда «Мен-өз елімнің патриотымын» тақырыбында ашық сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағаттарында оқушылар туған елінің тарихын еске алып, еліміздің жаңғыру кезеңіндегі Қазақстанның дәстүрлері мен жетістіктері туралы әңгімелесті. Сынып жетекшілері сынып сағаттарының өткізілгені туралы ақпаратты директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына ұсынды.

 

№2  мектеп-лицейінің директоры                                      Дандыбаева Г.Т.

Орын.  Бекбулатова Р.Ф.

Комментарии


Комментариев пока нет, будьте первым.

Добавить комментарий