Халықаралық конференция
10 қарашада Нұр-Сұлтан қаласында «Қазақстан дамудың негізгі бағыттары: өткені, бүгіні, болашағы» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті, онда №2 мектеп-лицейінің жас педагогы Жанболат Серикович Торыбаев «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының үздік жас ғалымы» төсбелгісімен марапатталды. Жанболат, шын мәнінде талантты, табысты, өршіл, жігерлі. Дәл осы қасиеттер оған өмірде ғана емес, оқушылармен жұмыс жасауда да көмектеседі. Айта кету керек, «ТМД-ның үздік жас ғалым» төсбелгісімен биыл Жанболат Серикович екінші рет марапатталып отыр!
Шығармашылық табыс пен жаңа жеңістер тілейміз! Біздің мектепте осындай мұғалімдердің бар екенін мақтан тұтамыз, қаламызда осындай адамдардың өмір сүретінін мақтан тұтамыз, Республикамыздың талантты болашағы бар екенін мақтан тұтамыз!
Комментарии
Добавить комментарий
Для отправки комментария вам необходимо авторизоваться.