«Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәнінің болашағы мен проблемалары туралы

17 наурызда № 2 мектеп — лицейінің директоры Дандыбаева Г.Т. «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ базасында  «Қаржылық сауаттылық және кәсіпкерлік негіздері: тәжірибе,проблемалар,шешімдер» тақырыбында диалог алаңына қатысты.

«Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәнінен сабақ беретін практиктер арасындағы диалог түрінде ең өзекті мәселелер талданды: біліктілікті арттыру курстары , бағдарлама құрылымы оқулықтар мен қажетті ресурстар.

Талқыланатын мәселелер блогында Дандыбаева Г.Т.  өзекті мәселені –бағдарлама талап ететіндей экономикалық және қаржылық білім тереңдігінің болмауына байланысты сапалы күтілетін оқу нәтижесін қамтамасыз ете алмайтын мамандардың болуын белгіледі.

Екінші мәселе-мұғалімнің кәсіпкерлік тәжірибесі болмауы. Осы курс үшін оқыту ортасы оқытудың арнайы дидактикалық базасымен қаныққан бизнес-орта болуы тиіс. Бұл көбінесе мектеп түлектерінің нарықтық жағдайда болашақ өзіндік қызметінің дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Бұл мәселені шешу бойынша ұсыныс — Атамекен алаңында 10-11 сынып оқушылары үшін оқу сыныптарын ашу.

Қорытынды шығару кезінде дөңгелек үстелге қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтар қойып, көтерілген мәселелердің маңыздылығы мен оларды талқылаудың пайдасы туралы айтты.

Комментарии


Комментариев пока нет, будьте первым.

Добавить комментарий