Бүгін, 5 желтоқсанда, Қостанай облысының “Үздік волонтёрлері” марапаттау рәсімі өтті.

Олардың арасында ең жас волонтёр — 5 «В» сынып оқушысы Котов Максим.

Жас болса да, Максим ізгі істерге белсенді атсалысып , түрлі волонтёрлік жобалар мен әлеуметтік бастамаларға қатысып келеді.
Ол бірқатар ұйымдармен тығыз байланыста жұмыс істейді: облыстық кітапхана, «БАРС» волонтёрлік бірлестігі, полиция департаменті, сондай-ақ жануарларға көмек көрсету жобасы – «ХОБ КСТ».

Максим — мейірімділік пен көмектесуге деген ықыластың жасқа қарамайтынының жарқын үлгісі.
Құттықтаймыз және мақтанамыз!

Комментарии


Комментариев пока нет, будьте первым.

Добавить комментарий