8 “В” сынып оқушысы Азизбекова Айша және қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Бекенова Асия Қықпаевна 140 қатысушының ішінен іріктеуден сәтті өтіп, «Мемлекеттік тілге жеті қадам» облыстық форумына қатысу құрметіне ие болды!

Бұл форум — Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастырған үш айлық бірегей білім беру жобасы. Оның мақсаты:
түрлі этнос жастары арасында мемлекеттік тілді танымал ету;
бірлік пен мәдениетаралық диалогты нығайту;
медиа сауаттылық пен шығармашылық қабілеттерді дамыту.

Қатысушылар 7 кезеңнен өтті: онлайн-тестілеу, эссе жазу, видеоконтент дайындау, сұхбат, шығармашылық тапсырмалар және кәсіби кездесулерге қатысу.

Айша мен оның тәлімгері Асия Қықпаевна мектеп намысын абыроймен қорғап, білімге құштарлықтарын, белсенділіктерін және мемлекеттік тілге деген құрметтерін көрсетті.

Айша мен Асия Қықпаевнаны осы маңызды жетістікпен шын жүректен құттықтаймыз!
Жаңа жеңістер, шабыт және жарқын жобалар тілейміз!

#қазақтілі #мемлекеттіктіл #жетіқадам #assembly_kst #қостанай #білім #мақтанышымыз

Комментарии

Комментариев пока нет, будьте первым.

Добавить комментарий