5 сыныптарда Халықаралық балалар кітап күні

5 сынып оқушылары үшін халықаралық балалар кітабы күніне орай Дж.К. Роулинг  «Гарри Поттер» сериясы бойынша ойын өткізілді. Безендірілген көрме бесінші сынып оқушыларын әр кітаптың шығу күнімен және олардың қысқаша мазмұнымен таныстырды. Балалар Гарри Поттер туралы жиырма қызықты фактілер және автор және оның кітаптары туралы он бір қызықты фактілер туралы білді.  Командалар белсенді болды, дұрыс жауап үшін жетондарды барынша көп жинауға тырысты. Достық жеңді және ойынның әр қатысушысы  сыйлыққа оқушыларға арналған ғылыми – көпшілік журналды алды.

 

Комментарии


Комментариев пока нет, будьте первым.

Добавить комментарий