31 мамыр-Саяси қуғын-сүргін және ашаршалық құрбандарын еске алу күні

31 мамыр – миллиондаған адамның өмірін қиған жаппай саяси қуғын-сүргін мен ашаршылықты еске алу күні. Қуғын-сүргіннің негізгі және неғұрлым адамгершілікке жатпайтын тетіктерінің бірі сотталғандарды еңбекпен түзеу лагерлеріне жіберу болды. Бұл лагерьлердің тарихы ащы тұзбен олар тұрған жердің жадына еніп кетті. Қысқа уақыт ішінде қазақ даласы лагерьге айналды. Қазақстанда АЛЖИР (Отан сатқындары әйелдерінің Ақмола лагері), Карлаг (КСРО НКВД  ГУЛАГ жүйесіндегі Қарағанды еңбекпен түзету лагері), Степлаг (саяси тұтқындарға арналған лагерь) құрылды. Осы лагерлерде жазаланғандар ғана емес,олардың туыстары да қамалған.

Тарихымыздың қасіретті беттерін, саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу біздің халқымыз үшін әрқашан қасиетті болған. Бұл қылмыстар ешқашан қайталанбауы керек. 1997 жылдан бастап жыл сайын Қазақстанда саяси қуғын-сүргін және ашаршалық құрбандарын еске алу күні атап өтіледі.

Комментарии


Комментариев пока нет, будьте первым.

Добавить комментарий