2019 – 2020 оқу жылы «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің «№2 мектеп – лицейі»ММ «Жаяу жүргіншілер қатарына қабылдау» мерекесін өткізу туралы ақпарат»
Осы жылдың 28 қыркүйегінде №2 мектеп-лицейінде 1 – ші сынып оқушылары үшін» Жаяу жүргіншілер қатарына қабылдау «мерекесі өтті. Іс-шараға барлығы 160 оқушы, мектеп педагогтары мен ата-аналар қауымы қатысты .
Осы жылы Қостанай облысы бойынша балалардың қатысуымен болған жол – көлік оқиғаларының саны бойынша ЖПҚ-нің қызметкері Төлеуханов Аманат Ерланұлы ақпарат берді. Ол балалардың барлық сұрақтарына жауап берді . Балаларға интерактивті түрде жолда өзін қалай ұстау керектігін еске алу ұсынылды, ЖҚЕ тақырыбына өлеңдер сахналанды,жол жүру ережелерінің үздік біліміне шағын викторина өткізілді.Таңдалған жұмыс түрлері оқушыларды ойынға, әрекетке тартуға ықпал етті.
Оқушылар жол жүру ережелері туралы білімдерін көрсете отырып, белсенді қатысты. Соңында әрбір бірінші сынып оқушысы жас жаяу жүргіншілерге ант беріп, ЖҚЕ бойынша буклет пен жарық шағылыстыратын фликерлер алды.
28 қыркүйек 2019 жыл
Комментарии
Добавить комментарий
Для отправки комментария вам необходимо авторизоваться.