20 қазан күні №2 мектеп-лицейінде мектеп парламенті президентінің салтанатты инаугурациясы өтті
Бұл күн ерекше болды ✨— біз атқарылған жұмыстардың қорытындысын шығарып, алға жетелеген жандарға алғыс айтып, мектеп тарихының жаңа парағын аштық ✨
Дауыс беру нәтижесі бойынша:
160 дауыс жинаған 11 «Л» сынып оқушысы Колдырев Глеб – мектептің екінші Премьер-министрі болып сайланды
325 дауыс жинаған 11 «А» сынып оқушысы Тулинов Роман – мектептің бірінші Премьер-министрі атанды
Ал 372 дауыс жинап, ПРЕЗИДЕНТ атағын №2 мектеп-лицейінің 11 «А» сынып оқушысы Ирахметова Индира лайықты түрде иеленді
✨ Салтанатты шара барысында 2024–2025 оқу жылының президенті Овнанян Римаға және премьер-министр Угурчива Камилаға атқарған еңбектері✨, көшбасшылықтары✨ және мектепке сыйлаған шабыттары✨ үшін алғыс хаттар табысталды.
Сондай-ақ, керемет әрі әсерлі өнер көрсеткен «Айналайын» вокалдық үйірмесіне алғыс айтамыз ✨
Жаңа команда — жаңа идеялар, жаңа белестер және жаңа жеңістер
Алда жарқын жетістіктер✨, достық✨ және нағыз көшбасшылық болсын!
#мектеппарламенті #мектеппрезиденті
Комментарии
Добавить комментарий
Для отправки комментария вам необходимо авторизоваться.





