1-7 сынып оқушыларына арналған зерттеу жұмыстар мен шығармашылық жобалардың «Зерде» Республикалық конкурсының қалалық кезеңі.
2018 жылғы 20 қазанда «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің физика-математикалық лицейі» ММ базасында 1-7 сынып оқушыларына арналған «Зерде» зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар байқауының ІІ (қалалық) кезеңі өтті.
Байқауға 9 зерттеу жобасы ұсынылды.
Сайыс қорытындысы бойынша 2 сынып оқушысы Костенко Кирилл «Сахарный диабет глазами ребенка» жобасымен екінші орынға ие болды.
Үшінші орын алғандар: Вечер Роман (7 сынып) «Казахстанский Аркаим» жобасымен, Шадрина Диана (5 сынып) «Все о теплых грядках» жобасымен, Капарова Кандализа (5 сынып) және Торабаева Айсу (4 сынып) «Қазақ әліппесінің түрлері» жобасымен, Башаров Назар (2 сынып) «Природная батарейка» жобасымен.»
Қатысушыларды құттықтаймыз, жаңа жаңалықтар тілейміз және ғылыми жетекшілерге Г. С.Алпысбаеваға., Л. О. Адильхановаға., М. И. Железняковаға., Г. М.Кайдауловаға., Л. И. Лингерге алғысымызды білдіреміз.
Комментарии
Добавить комментарий
Для отправки комментария вам необходимо авторизоваться.