«Үштілділік-болашаққа нық қадам»
№2 мектеп-лицей педагогтары Қостанай қаласының №7 орта мектебі ұйымдастырған «Үштілділік — болашаққа нық қадам «дөңгелек үстелде»қатысты .
Директордың ҒӘЖ жөніндегі орынбасары Филипчук Е.И. «Үш тілдік контекстінде мұғалімнің жаңа құзыреттіліктерін қалыптастыру» өзекті мәселе бойынша сөз сөйледі, оқу үрдісінде үштілділік идеяларын іске асыратын педагогтарды әдістемелік сүйемелдеу жүйесімен таныстырды.
Информатика пәнінің мұғалімі Ешкина Д.Ю. «дөңгелек» үстелге қатысушыларды қалалық эксперимент аясында 8 л сыныпта ағылшын тілінде информатика пәнінен факультативтік курсын жүргізу тәжірибесімен таныстырды, сонымен қатар оқу сабақтарын ағылшын тілінде құралдармен дидактикалық және әдістемелік қамтамасыз ету мәселесін өзектендірді.
Биология мұғалімі Алпысбаева Г.С. «Қызықты биология ағылшын тілі элементтерімен» (7л сынып) факультативтік курсын іске асырудың алғашқы қадамдары туралы айтты.
Комментарии
Добавить комментарий
Для отправки комментария вам необходимо авторизоваться.