«Балалар мен театр» фестивалі-екінші күн

Театр өнері фестивалінің екінші күні жаңа таланттарды ашты. 3 «А» сынып оқушыларының орындауындағы К.И.Чуковскийдің «Тараканище» шығармасы бойынша қойылым барлық балалардың өзінше дарынды екенін көрсетті. Балалар 100 жасқа толған өлмес ертегіні мәнерлеп және шығармашылықпен ойнады. 3 «Л» сынып әртістері «Мойдодыр» қойылымымен көрермендер залын өз ойынымен баурап алып, лайықты қошеметке ие болды. «Ақшақар мен жеті гном» ертегісінің сюжеті әрдайым кішкентай оқырмандардың жүрегінде айтылады, сондықтан 3 «Б» сынып оқушыларының бұл шығарманы қоюы көрермендерді бей-жай қалдырмады. 3 «Г» сынып оқушылары С.Маршактың «Пошта» шығармасымен көрермендерге пошташы мамандығының маңыздылығын жеткізді. Театр қойылымдарын дайындауға ата-аналар белсенді қатысты, ал сынып жетекшілері Н.В. Лактионова, Т.А. Татарчук, Т. А. Стрельцова, И.В. Киселева өз оқушыларын өнердің ұлы күшімен баурап алды.

        

Комментарии


Комментариев пока нет, будьте первым.

Добавить комментарий