❗❗❗Құрметті ата-аналар!

📌Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап барлық білім беру ұйымдарында 1 сыныпқа құжаттарды қабылдау басталады.
📌1 сыныпқа қабылдау қызметін көрсету мерзімі: 1 сәуірден 1 тамызға дейін.
📌Бұл мемлекеттік қызмет «SAKURA: электрондық мектеп» білім беру порталы арқылы электрондық форматта көрсетіледі. https://sakura24.kz/ru/), сондай-ақ egov.kz.
📌Баланың ата-аналары немесе өзге де заңды өкілдері бос орындар болған кезде оқыту үшін кез келген білім беру ұйымын таңдауға құқылы.
📌Мемлекеттік қызметті алу үшін келесі құжаттар қажет:
1️⃣ата-аналардан немесе өзге де заңды өкілдерден өтініш;
2️⃣026/у-3 нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат — «баланың денсаулық паспорты»;
3️⃣065/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат (естеріңізге сала кетейік, медициналық тексеруден өту үшін Н-күндер саны қажет);
4️⃣баланың 3х4 көлеміндегі сандық фотосуреті.
5️⃣Заңды өкілдің ЭЦҚ-сы.
📌Өтініш бір жұмыс күні қаралады.
📌Сіздердің назарларыңызға негізінде, 31-б. 1-т.ҚР «Білім туралы» Заңының 1-сыныбына 6 жастан бастап балалар қабылданады, яғни қыркүйек-желтоқсан айларында туылған балалар бірінші сыныпқа бара алады, өйткені күнтізбелік жылдың соңына дейін олар толық алты жасқа жетеді.
📌Құжаттарды қабылдау мектептің қызмет көрсету аумағынан алғашқы үш өтініш берушіге, содан кейін бір өтініш берушіге басқа шағын учаскеден (3:1 қағидаты бойынша) жүргізіледі.
☎️Барлық туындаған сұрақтар бойынша тікелей мектепке немесе тұрғылықты жердегі білім бөліміне хабарласыңыз.

Комментарии


Комментариев пока нет, будьте первым.

Добавить комментарий