Чек қайда??
Мектеп сапа қызметінің ақпараттық бюллетені. 2 шығарылым (2021-2022)
«Үздік жас маман — 2021″байқауы Асия Кыкпаевна «Үздік жас маман-2021» төсбелгісімен
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы атаулы жылында 2021 жылдың 23 желтоқсанында Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасы Министірлектер үйінде «Білім өркениеті» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен республика педагогтарды марапаттау рәсімі өтті.
Бекенова Асия Кыкпаевна № 2 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі «Үздік жас маман – 2021» республикалық байқауының жеңімпазы атанды.
Асия Кыкпаевна «Үздік жас маман-2021» төсбелгісімен, 1-дәрежелі дипломмен марапатталды.
Қазақстан Республикасы ТЖМ Мəлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясы
Интернеттегі байланыс кезіндегі қауіпсіздік шаралары
«Вейп-денсаулыққа өте қауіпті»
«Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ 3.12.21 ж. № 1243 вн хатының негізінде «Вейп — денсаулық үшін өте қауіпті» апталығы шеңберінде 2 МЛ-де 04-08.12.21 аралығында профилактикалық сипаттағы іс-шаралар өткізілді, № 1 емхананың мамандары шақырылды.
Жыл сайынғы «Bal-Bala»акциясы
Көптен күткен мереке — Жаңа жыл жақындап келеді. Барлығы бір-біріне сыйлықтар, жылы тілектер мен жақсы көңіл-күй сыйлайтын уақыт. №2 мектеп-лицейінде бүгін сыйлықтар беріле бастады. Кәсіподақ комитеті мен мектеп әкімшілігі жыл сайынғы «Bal-Bala» акциясына қатысты, оның аясында мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған мектеп қызметкерлері ақшалай сыйлық пен мерекелік ашық хаттар алды. Кәсіподақ комитетінің төрайымы Ж. К. Кенжебаева сөз сөйлеп, барлығына мықты денсаулық және отбасына амандық тіледі.
ЖҚТБ-мен күрес күні
2021 жылғы қарашаның 15-нен 25 –не дейінгі аралықта №2 МЛ-де АИТВ/ЖИТС-пен байланысты проблемалар бойынша хабардар болу деңгейін арттыру, жасөспірімдерде АИТВ инфекциясын және ЖЖБИ жұқтырудың алдын алу дағдыларын әзірлеу және дамыту мақсатында Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күнінің онкүндігі өтті.
Халықаралық конференция
10 қарашада Нұр-Сұлтан қаласында «Қазақстан дамудың негізгі бағыттары: өткені, бүгіні, болашағы» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті, онда №2 мектеп-лицейінің жас педагогы Жанболат Серикович Торыбаев «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының үздік жас ғалымы» төсбелгісімен марапатталды. Жанболат, шын мәнінде талантты, табысты, өршіл, жігерлі. Дәл осы қасиеттер оған өмірде ғана емес, оқушылармен жұмыс жасауда да көмектеседі. Айта кету керек, «ТМД-ның үздік жас ғалым» төсбелгісімен биыл Жанболат Серикович екінші рет марапатталып отыр!
Шығармашылық табыс пен жаңа жеңістер тілейміз! Біздің мектепте осындай мұғалімдердің бар екенін мақтан тұтамыз, қаламызда осындай адамдардың өмір сүретінін мақтан тұтамыз, Республикамыздың талантты болашағы бар екенін мақтан тұтамыз!