2023-2024 оқу жылына жаратылыстану-математикалық бағыттағы бірінші лицей сыныбына әңгімелесуге өтініштерді қабылдау туралы хабарландыру.

«Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің  2018 жылғы 12 қазандағы №564 бұйрығымен регламенттелген мектепке қабылдау ережесі негізінде.

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің №2 мектеп-лицейі» КММ-нің әкімшілігі.

2023-2024оқу жылына жаратылыстану-математика бағытындағы бірінші лицей сыныбына сұхбаттасуға өтініш қабылдау туралы хабарлайды.

2023-2024 оқу жылында мектеп конкурстық негізде екі лицей сыныбын ашуды жоспарлап отыр (ұйымның қызмет көрсету аумағында тұрмайтын балалардың бір сыныбы, ұйымның қызмет көрсету аумағында тұратын балалардың екінші сыныбы).

Сұхбаттасуға өтініштерді қабылдау

2023 жылғы 29 мамыр-2023 жылғы 02 маусымаралығында  қабылдау комиссиясында сағат 9.00-ден 12.00-гедейін кезек тәртібінде өтеді.

Жазуды директордың ОЖ жөніндегі орынбасары

Г. А. Лозоваяжүзеге асырады.

Байланыс телефоны 53-29-59

 

Лицей сыныбына сұхбаттасуға жазылу үшін баланың заңды өкілдерінің қатысуы және баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі қажет.

Сұхбаттасу  кестесі өтініш қабылданған күні ата-аналардың назарына жеткізіледі.

Сұхбаттасу 05.06.2023 жылдан 15.06.2023 жылға дейін өткізіледі.

Тіркеу 16.06.2023 жыл

 

Лицей сыныбына сұхбаттасуға өтініш қабылдау үшін ерекше жағдайлар :

 

1.«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 маусымдағы Заңының 31 бабының 1 тармағына сәйкес 1 сыныпқа оқуға алты жастан бастап балалар қабылданады.

2.Бала минутына 35 сөз оқи алуы тиіс

3.Баланың ой-өрісі дамуы керек (отбасы, табиғат, достар, өмірдегі басты оқиғалар туралы)

4.Бала логикалық, бейнелі ойлауға ие болуы керек

5.Баланың коммуникативтік дағдылары (зейін, ұйымшылдық, дербестік) дамуы тиіс.

Комментарии


Комментариев пока нет, будьте первым.

Добавить комментарий