CYBERKRAFT: Өзіңіздің қауіпсіз цифрлық әлеміңізді жасаңыз
Балаларды желіде қорғауға арналған нұсқаулық
ЖАҢАЖЫЛДЫҚ ОҚИҒАЛАР
24–26 желтоқсан аралығында мектептің барлық оқушылары үшін мұғалімдер мен білім алушылардан құралған шығармашылық топ
«Джуманджи — жаңа жылдық нұсқа» стилінде жаңа жылдық би-ойын-сауық бағдарламасын ұйымдастырды ✨
Оқушыларды жарқын қойылымдар, көңілді билер, қызықты тапсырмалар және нағыз сиқыр мен шытырман оқиғаларға толы атмосфера күтті. Мереке барлық қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй, қуаныш пен жаңа жылдық әсер сыйлады
9-11 сынып оқушыларына арналған республикалық оқушылар олимпиадасының II (қалалық) кезеңінің нәтижелері
2025 жылғы 17-18 желтоқсанда Қостанай қаласында 9-11 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың республикалық олимпиадасының II (қалалық) кезеңі өтті.
Мектеп олимпиадалық командасына 9-11 республикалық олимпиаданың бірінші мектеп кезеңінің жеңімпаздары кірді
Олимпиада қорытындысы бойынша 10-А сынып оқушысы Шадрин Арман физика пәнінен І орынды иеленді (педагогтар Шлафман И.О., Аржаматова Н.А.) және Олимпиаданың келесі облыстық кезеңінде мектептің атынан қатысады.
Олимпиада Жүлдегерлері. 9-11:
- Сапаралиев Ариет — 2 орын қазақ тілі, педагог Бекбулатова Р. Ф.
- Кривошеева Софья — 2 орын орыс тілі мен әдебиеті мұғалім Мухортова О.В.
- Евмененко Дарья — 2 орын биология, педагог Безносова С. В.
- Курышов Владислав-2 орын физика. педагогика: Аржаматова Н.А., Шлафман И. О.
- Остапчук София — 2 орын математика, педагог Ким З.Е.
- Якунин Дмитрий-2 орын химия, мұғалім Беспальчук Н.В.
- Шамшиева Аиша — 3 орын қазақ тілі педагог Адильханова Л.О.
- Горбачева Мария-3 орын құқық негіздері педагог Милушкина М. В.
- Сугурова Тогжан — 3 орын орыс тілі мен әдебиеті
- Шерниязов Селимсултан -3 орын математика педагог Ким З.Е.
- Колдырев Глеб — 3 орын физика, педагог Аржаматова Н.А., Усабекова М. Н.
- Драгун Ксения-3 орын физика педагогика Аржаматова Н.А., Усабекова М.Н.
- Рац Алексей-3 орын информатика педагог Комурзоева С. А.
- Радюк Глеб — 3 орын информатика, педагог Сатенов М.Т.
Олимпиада жүлдегерлері мен олардың ұстаздарын лайықты нәтижелерімен құттықтаймыз және одан әрі табыстар мен жаңа жеңістер тілейміз!
Жаңа жыл мерекесі қарсаңында — балаларға қуаныш сыйлаймыз
№2 мектеп-лицейінде жаңа жыл мерекесі қарсаңында «Балаға қуаныш сыйла» атты мейірімді және өте маңызды акция өтті❄️, ол қиын өмірлік жағдайда жүрген балаларға қолдау көрсетуге бағытталған❤️.
Бастауыш сынып оқушыларының ата-аналары белсенді қатысты❤️ Олардың мейірімділігі мен жанашырлығының арқасында балалар үшін тәтті сыйлықтар және бағалы сыйлықтар дайындалды.
❤️ Арнайы алғысымызды 1 «А» сынып оқушысының ата-анасы Караева Зульфия Искендировнаға білдіреміз. Ол балаларға Choco Pie, Django тәтті жинақтарын, сондай-ақ колонка және құлаққап сияқты бағалы сыйлықтарды ұсынды.
❄️❄️❄️ Акцияға қатысқан сыныптар:
1А, 1Б, 1В, 2А, 2Б, 2Г, 2Д, 3Б, 3Л, 4А, 4В, 4Г.
Мұндай бастамалар жаңа жыл❄️ ғажайыптар жылулық❤️ және қамқорлық❤️ уақыты екенін еске салады, ал ең маңыздысы — сыйлаған күлкі және сенің жалғыз еместігін сезіну☺️.
Балаларға қуаныш пен жақсылыққа сенім сыйлаған барлық қатысушыларға рахмет.
Жаңа жыл қарсанында
Ең сиқырлы мереке — Жаңа жыл қарсаңында сыныптап арасында мектеп ауламызда роботтар, кубтар және шыршалар бойынша жарқын әрі ерекше байқаулар өтуде
Тақырыптың таңдалуы кездейсоқ емес. Ол мектебіміздің басым бағыты — «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» саласын көрсетеді. Мұнда креатив, инновация және заманауи идеялар мерекелік көңіл күй мен қиялмен үйлесім табады ✨
Бүгін, 5 желтоқсанда, Қостанай облысының “Үздік волонтёрлері” марапаттау рәсімі өтті.
Олардың арасында ең жас волонтёр — 5 «В» сынып оқушысы Котов Максим.
Жас болса да, Максим ізгі істерге белсенді атсалысып , түрлі волонтёрлік жобалар мен әлеуметтік бастамаларға қатысып келеді.
Ол бірқатар ұйымдармен тығыз байланыста жұмыс істейді: облыстық кітапхана, «БАРС» волонтёрлік бірлестігі, полиция департаменті, сондай-ақ жануарларға көмек көрсету жобасы – «ХОБ КСТ».
Максим — мейірімділік пен көмектесуге деген ықыластың жасқа қарамайтынының жарқын үлгісі.
Құттықтаймыз және мақтанамыз!
«Химиядан олимпиада есептерін шығару арқылы мектеп оқушыларының интеллектуалдық дарындылығын дамыту» жас мұғалімдерге арналған семинар.
8 “В” сынып оқушысы Азизбекова Айша және қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Бекенова Асия Қықпаевна 140 қатысушының ішінен іріктеуден сәтті өтіп, «Мемлекеттік тілге жеті қадам» облыстық форумына қатысу құрметіне ие болды!
Бұл форум — Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастырған үш айлық бірегей білім беру жобасы. Оның мақсаты:
түрлі этнос жастары арасында мемлекеттік тілді танымал ету;
бірлік пен мәдениетаралық диалогты нығайту;
медиа сауаттылық пен шығармашылық қабілеттерді дамыту.
Қатысушылар 7 кезеңнен өтті: онлайн-тестілеу, эссе жазу, видеоконтент дайындау, сұхбат, шығармашылық тапсырмалар және кәсіби кездесулерге қатысу.
Айша мен оның тәлімгері Асия Қықпаевна мектеп намысын абыроймен қорғап, білімге құштарлықтарын, белсенділіктерін және мемлекеттік тілге деген құрметтерін көрсетті.
Айша мен Асия Қықпаевнаны осы маңызды жетістікпен шын жүректен құттықтаймыз!
Жаңа жеңістер, шабыт және жарқын жобалар тілейміз!
#қазақтілі #мемлекеттіктіл #жетіқадам #assembly_kst #қостанай #білім #мақтанышымыз








































