Ағартушы Ы. Алтынсариннің туғанына 180 жыл толуына арналған лицейлік білім беру мектебінің онкүндігін өткізу жоспары
2006 жылғы үлгідегі номиналы 2000, 5000 және 10000 теңгелік Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттарын қабылдау және ауыстыру мерзімін ұзарту туралы
«Тәуелсіздік бәрінен қымбат» Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың мақаласы

Бағдар мен белес
Биыл қастерлі Тәуелсіздігімізге 30 жыл толады. Бұл – қайта жаңғырған қазақ мемлекеттігінің, ата-бабаларымыз аңсаған азаттықтың тұғыры нығая түскенін әйгілейтін маңызды белес. Тарих тұрғысынан алғанда, отыз жыл – көзді ашып жұмғандай қас-қағым сәт. Дегенмен, бұл көптеген халықтар үшін қиындығы мен қуанышы, дағдарысы мен дамуы алмасқан тұтас дәуір деуге болады. Біз де осындай жолдан өтіп келеміз. Азаттығымыздың айшықты белесіне шыққанда әрбір саналы азаматты «Отыз жылда біз қандай жетістіктерге жеттік?», «Келер ұрпаққа қандай елді аманаттаймыз?», «Мемлекеттігімізді нығайта түсу үшін тағы не істейміз?» деген сауалдар толғандырары анық. Осы тұрғыдан алғанда, бұл – арман-мақсаттарымызды тоғыстырып, болашаққа тың серпінмен қадам басу үшін өткенге тағы бір мәрте оралатын, жетістіктеріміз бен кемшіліктерімізді ой елегінен өткізетін маңызды мезет. Тәуелсіздіктің отыз жылын шартты түрде үш онжылдық белеске бөліп қарастыруға болады. Оның әрқайсысы атқарған миссиясы тұрғысынан ғасырдың жүгін арқалап тұр. Мен азаттықтың алғашқы онжылдығын жаңа Қазақстанның іргетасын қалау кезеңі деп атар едім. Осы уақытта Елбасының басшылығымен мемлекетіміздің нышандары белгіленіп, билік жүйесі қалыптасты.
30 жылға созылған жол
«DEINDE 4.0» STEM-білім» қалалық фестивалінің қорытындысы туралы
2020 жылдың 28 желтоқсанында қашықтық форматта «DEINDE 4.0 «STEM-білім» қалалық фестивалі өтті
Фестивальге қаланың 94 оқушысы қатысты. «Қағаз ұшақ» бағыты бойынша — 83 қатысушы, «Бейнеролик» бағыты бойынша — 11 қатысушы. Қалалық фестивальге № 2 мектеп – лицейінің 5 оқушысы қатысты.
Фестиваль қорытындысы:
«Бейнеролик» Номинациясы
Глухий Валерия, 10-Б сынып оқушысы I орын, Жетекшісі информатика мұғалімі Ешкина Дарья Юрьевна.
«Қағаз ұшақ» номинациясы
Ерошкина Алиса, 1-А сынып оқушысы II орын, Жетекшісі Лактионова Наталья Васильевна
Грон Маргарита, 3-сынып оқушысы II орын, жетекшісі Карпыкова Гульнара Минитагировна
Мағзұмов Арсен, 4-б сынып оқушысы II орын, жетекшісі Хасенова Шолпан Сагиндыковна
Фестиваль жүлдегерлері мен олардың жетекшілерін құттықтаймыз!
Жаңа жеңістер тілейміз!!!
11 қаңтар 2021 жыл
«Поэзия-тілдің иесі»
Қостанай қаласының №2 мектеп – лицейінде 2020 жылғы мерейгер ақындарға арналған «Поэзия – тіл иесі» атты қашықтық челленджі өтті.
Поэзия сүюге үйретеді және қарапайым өмірде әдемі мен ерекше нәрсені көруге, айналамыздағы нәрсеге басқа көзбен қарауға көмектеседі.
11 сынып оқушысы Глухий Валерияны құттықтаймыз!
Жаңа жыл қарсаңында!
2020 жылдың 11 желтоқсанында №2 мектеп-лицейінде «Абай және отбасылық құндылықтар» атты кездесу өтті

2020 жылдың 11 желтоқсанында №2 мектеп-лицейінде «Абай және отбасылық құндылықтар» атты кездесу өтті. Мақсаты: балаларды отбасында тәрбиелеу мәселелерінде Ұлы Абайдың идеялары мен өсиеттерін түсіну және қабылдау. Іс-шараның маңызды міндеттерінің бірі «БІз кімбіз, кім болдық және қандай болуымыз керек, енді немен айналысамыз және қалай өмір сүреміз, өз балаларымызды қалай тәрбиелейміз, олар өсіп келе жатқан адам үшін адамгершілік бағдар ретінде қызмет етуі үшін отбасында қандай құндылықтар қалыптастырамыз» екенін түсіну үшін Ұлы Абай қалыптастырған ойлар мен идеяларды жаңа ұрпаққа жеткізу болды.
Кездесуге түрлі ұрпақ өкілдері шақырылды: бұл ұлы Абай философиясының рухани күшін ашуға көмектескен ғалым-философ, Юрий Яковлевич Бондаренко; бұл отбасындағы тәрбиенің Мәңгілік бастауына жүгінген ата-аналар; олар үшін ұлы Абайдың ойлары мен идеялары өмірлік бағдар болып табылатын мектеп-лицейдің педагогтары мен оқушылары.