Өз балаңды жаман ортаның жағымсыз ықпалынан қалай қорғауға болады?

1-КЕҢЕС.
Баланың мінез-құлқындағы өзгерістерге назар аударыңыз. Оның көңіл күйінің жылдам өзгеруі, жабырқаңқылығы, бұрын оған тән болмаған басқа да реакциялары Сізді алаңдатуы тиіс.

2-КЕҢЕС.
Балаңызды бас тарта білуге дағдыландырыңыз. Өмір көп жағдайда жаман ортаға түсудің алғашқы қадамы «Сен бұны істей алмайсың ба?» деген сөзге лайықты қарсы сөз айта алмау екенін көрсетеді.

3-КЕҢЕС.
Балаңыздың жаңа ортасына байланысты үрейге бой алдырмаңыз. Мән-жайдың анық-қанығына жетіңіз.

4-КЕҢЕС.
Балаңыздың ортасы туралы жеке және объективті түсінік қалыптастыру үшін, ондағы балалармен танысуға тырысыңыз. Оларды қонаққа шақырыңыз, олармен ақырындап сөйлесу үшін, ортақ іс-шаралар ұйымдастырыңыз.

5-КЕҢЕС.
Сіздің жасөспірімнің кіммен араласатынын шеше алмайтыныңызға қарамастан, достар таңдаудың дұрыстығына қатысты күдікті оның басына құю Сіздің қолыңыздан келеді.

6-КЕҢЕС.
Балаңызға деструктивті қарым-қатынасқа балама көрсетіңіз. Оның назарын спортқа немесе басқа да қызықты істерге аударыңыз: оның қызықты жерлерге баруын, дамыту үйірмелеріне (тіл, көркем даму және т.б.) жазылуына ықпал етіңіз.

7-КЕҢЕС.

Әрбір ата-ана қандай әдістердің жұмыс істемейтінін ұмытпауы керек:

– достарымен кездесуге үзілді-кесілді және дүрсе қоя беріп тыйым салудың қажеті жоқ;

– жасөспірімді үйде қамап ұстауға болмайды;

– жазалаудың физикалық әдістерін қолдануға болмайды.

9-КЕҢЕС.
Үнемі туындайтын қиындықтарға қарамастан, берілмеңіз. Мойымаңыз, өз балаңызға деген махаббатыңыз бен құрметіңізді жоғалтпаңыз

 

 

Комментарии


Комментариев пока нет, будьте первым.

Добавить комментарий