«Отбасылық клуб құру туралы»
Кәмелетке толмағандардың девиантты мінез – құлқының алдын алу бойынша ата-аналардың психологиялық сауаттылығын арттыру мақсатында, сондай-ақ отбасылық тәрбиенің оң тәжірибесін, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында, «Отбасы әлемі» жобасын, «РуханиЖанғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыру аясында 2019 жылғы 22.10. бастап «№ 2 мектеп-лицей» ММ-де «Отбасылық клуб» жобасы бойынша жұмыс басталды. Кәмелетке толмағандардың девиантты мінез – құлқының алдын алу бойынша ата-аналардың психологиялық сауаттылығын арттыру мақсатында, сондай-ақ отбасылық тәрбиенің оң тәжірибесін, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында, «Отбасы әлемі» жобасын, «РуханиЖанғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыру аясында 2019 жылғы 22.10. бастап «№ 2 мектеп-лицей» ММ-де «Отбасылық клуб» жобасы бойынша жұмыс басталды. «Отбасылық клубының» жұмысы апта сайын сенбі, уақыты, тақырыбы және орны бойынша сынып жетекшілеріне алдын ала хабарланады.Отбасылық клуб отбасы мен білім беру ұйымдарының әлеуметтік әріптестігін жандандыру үшін құрылады.Отбасылық қарым-қатынас клубы-бала тұлғасын қалыптастыру үдерісінде ата-аналар мен педагогтардың өзара іс-қимылының тиімді дәстүрлі емес түрі.Ата-аналар мен педагогтардың сауатты өзара іс-қимылы ерекше өзектілікке ие.Отбасы-балаға әлеуметтік-тарихи тәжірибені, эмоционалдық және іскерлік қарым-қатынас тәжірибесін берудің маңызды буыны.Ата-аналар отбасының жеке тұлғаны қалыптастыру үдерісіне қандай үлес қосатынын, білім беру ұйымының білім алушылардың білім деңгейіне, тәрбиесіне қойылатын талаптары қандай екенін түсінуі тиіс.
Міндеттер:
— отбасы мен мектептің өзара іс-қимылы мен ынтымақтастығын ұйымдастыру мақсатында модераторлардың ата-аналар тобын құру;
— отбасылық тәрбиенің жағымды тәжірибесін қалыптастыру;
— отбасы мен білім беру ұйымдарында балалар мен ересектердің жеке жайлылық деңгейін арттыру;
— ата-аналардың педагогикалық және психологиялық құзыреттілігін арттыру;
— түрлі әлеуметтік институттармен, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау.
Отбасылық клуб қызметінің негізгі бағыттары:
— психологиялық (ата-аналар мен балаларға психологиялық көмек көрсету, тренингтер, семинарлар, дөңгелек үстелдер, практикумдар, әңгімелер өткізу);
— ақпараттық (бала — ата-ана қатынастарын нығайту туралы буклеттерді, парақшаларды тарату);
— балалар мен ата-ана қатынастарын нығайтуға, салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған мәдени-демалыс іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу.
— отбасын заңды қолдау (мамандарды тарта отырып, ата-аналарда туындайтын түрлі құқықтық мәселелер бойынша Заң Кеңестерін өткізу).
2019 жыл 18 қараша
Комментарии
Добавить комментарий
Для отправки комментария вам необходимо авторизоваться.