Көрсетілетін қызметті алушы (не оның заңды өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі
1) осы Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін қажет);
3) Денсаулық жағдайы туралы анықтама («Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген № 063/е нысаны) , Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 3 маусымдағы N 469 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2423 болып тіркелген) және «Баланың денсаулық паспорты» 026/у-3 есеп нысанын толтыру және жүргізу жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 24 маусымдағы №026/у-3 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2423 болып тіркелген);
4) баланың 3х4 сантиметр көлеміндегі 2 дана фотосуреті.
Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау үшін заңды өкілдердің келісімімен педагогикалық-медициналық-психологиялық комиссияның қорытындысы қосымша ұсынылады.
Комментарии
Добавить комментарий
Для отправки комментария вам необходимо авторизоваться.