Балаларына ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін,  АТА-АНА МЫНАДАЙ ЖЕТІ ЕРЕЖЕНІ МҰҚИЯТ ОРЫНДАУЫ ҚАЖЕТ.

БІРІНШІ ЕРЕЖЕ:Балаңыздың Интернетте немен айналысатынынан хабардар болыңыз.

ЕКІНШІ ЕРЕЖЕ: Балалардан қандай чаттарға, топтарға, хабарландыру парақшаларына кіретінін және кіммен араласатынын сұрап біліңіз.

ҮШІНШІ ЕРЕЖЕ: Балаларыңызға Интернетте қандай да бір адамға өзі туралы ақпарат бермеуі (мобильді телефон нөмірі, үй мекенжайы, мектебінің атауы мен нөмірі), сондай-ақ өзі мен отбасының фотосуреттерін орналастырмауы тиіс екенін түсінуге көмектесіңіз.

ТӨРТІНШІ ЕРЕЖЕ:Балаңызға оған және сізге белгісіз адамдардан жіберілген файлдарды ашуға болмайтындығын түсіндіріңіз. Бұл файлдарда вирустар немесе зиянды, агрессивті мазмұндағы фото/бейне болуы мүмкін.

БЕСІНШІ ЕРЕЖЕ: Балаңызға Интернетте кей адамдардың өтірік айтуы және өзі көрсеткен адам болып шықпауы мүмкін екенін түсінуге көмектесіңіз. Сіздің балаңыз ешқашан өз бетінше, ересектерсіз шынайы өмірде интернет-достармен кездеспеуі керек.

АЛТЫНШЫ ЕРЕЖЕ:Балаларыңызды Интернетте біреу ренжіткен немесе агрессивті сөздерге, кінәлауға, балағаттауға тап болған жағдайда, оларды дұрыс әрекет етуге үйретіңіз. Оларға бұндай жағдайларды Сізге айтуы тиіс екенін және Сіз міндетті түрде көмектесетініңізді айтыңыз.

ЖЕТІНШІ ЕРЕЖЕ:Сіздің үй компьютеріңізде сүзгілеу құралдарының орнатылғанына және дұрыс күйге келтірілгеніне көз жеткізіңіз (бұл жерде Сізге интернет-қауіпсіздік саласындағы маман көмектеседі).

Комментарии


Комментариев пока нет, будьте первым.

Добавить комментарий