Ата-ана жасөспірім балаларға мыналарды үйретуі қажет.

  • көңіліңді барлық жақсылықтарға аудару; қоршаған әлемді кедергілер тұрғысынан емес, мүмкіндіктер тұрғысынан көре білу;
  • физикалық жаттығулар мен оңтайлы тамақтану көмегімен өзіңді күту;
  • құрдастармен және ересектермен ынтымақтаса білу; түсіністікпен қарауды және әлеуметтік қолдауды қабылдау; біреуден көмек сұраудың еш сөкеттігі жоқ екенін ұмытпау;
  • өз мүмкіндіктеріңді өзің шын мәнінде қалайтын салаларда, спортта, биде, саяхатта, өнермен – кескіндемемен, фотографиямен, дизайнмен шұғылдануда іске асыру; жасөспірімнің қызығушылықтары мен сабақтары неғұрлым көп болса, ол соғұрлым жағымсыз факторлардың жетегінде кетпейді және проблемаларды шешудің қашу секілді стратегиясын пайдаланудан аулақ болады; түрлі үйірмелер мен курстарға бару жасөспірімнің ой-өрісін кеңейтіп қана қоймай, сонымен қатар оған көбірек дос пен қолдау табуға көмектеседі.

 

Комментарии


Комментариев пока нет, будьте первым.

Добавить комментарий