2017-2018 оқу жылындағы №2 лицей-мектептің жанындағы жазғы лагерьдегі «FORTIS» тобының есебі

2017-2018 оқу жылындағы  №2 лицей-мектептің жанындағы жазғы  лагерьдегі  I  ауысым 04.06-15.06. аралығында  ұйымдастырылды.

«FORTIS»  тобы берілген жоспар бойынша  жұмыс жүргізді.

Мақсаты:

  • тілдік білім жүйесін танып біле отырып, оларды сөйлеу әрекеттерінде қолдану
  • қазақ халқының материалдық, рухани және тарихи-мәдени байлығын  тіл   арқылы    таныту;
  • күнделікті өмірде кездесетін жағдаяттарды талқылай алу.
  • өз ойын ерекше жеткізе алуға дағдыландыру.

«FORTIS» тобына келген әрбір оқушыны алдымен жақсылыққа, адамгершілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелей отырып, оқушылардың жазғы демалыс уақытын тиімді пайдалана білуге үйрету. Балалардың жаз мезгіліндегі демалысын, сауықтырылуы мен тиімді әрі мағыналы өткізуге жағдайлар жасау, қауіпсіздік ережелерін үйрете отырып салауатты өмір салтын қалыптастыру, рухани және мәдени білімдерін жетілдіру, Отан сүйгіштік -патриоттық сезімін арттыру.

 «FORTIS» тобының құрамында 10 бала қамтылды:

Оның ішінде 1 бала (тегін) ақысыз Мухамедиев Аслан.
Өткізілген  іс- шаралар:
«FORTIS» тобының   алғашқы күні «Сәлем, достар!» іс-шарасынан басталды. Іс- шара кезінде балалар  бір-бірімен танысып,  көңілді ойындар ойнады және топ атауы мен әнұранын анықтады.

Лагерьдің  ашылу  салтанатында  балалар  би билеп, әр түрлі ойындар  ойнап, ән айтып, ертегі кейіпкерлерінің қызықты қойылымдарын тамашалады. Мереке көңілді  өтті. Балаларды  лагерь кезіндегі қауіпсіздік ережелерімен таныстырып, инструктаж  ұйымдастырылды.

Күнделікті таңғы жаттығу флэшмоб музыка мен билеуден  басталады.

       Ертегі күні  «Ертегілер байқауына» Кочерга Григорий, Мухамедиев Аслан, Мусин Жандос белсенді қатысып, А.С. Пушкиннің туған күніне «Сказка о золотой рыбке» ертегісін сахналап, өз  шығармашылық өнерін көрсете  білді.

«Әнші, биші, күйші балапан » ән байқауына Есеналина Меруерт  қатысты,  Роза Рымбаеваның «Айгөлек» әнін орындап,  жүлделі орынға ие болды.

11 маусым күні балалар облыстық  тарихи-өлкетану мұражайына саяхат жасады. Саяхат барысында балалар коптеген экспонаттармен, көне заттармен, тарихи ақпараттармен танысты.

Оқушылар  мектеп алаңында күн сайын спорттық  ұлттық  ойындар ойнап, би  билеп, әртүрлі сайыстарға қатысты.

Құрастырылған жоспарға сәйкес  «Ойнайық  та ойлайық!», «Қызықты қазақ тілі», «Жеті жұрттың тілін біл…»  т.б.  қазақ тілі сабақтары  өткізілді.     Балалар Бердібек Соқпақбаевтың  «Менің атым Қожа» видеофильмді  тамашалады.

Қалалық демалыс паркіне саяхат барысында  балалар көрікті орындармен танысты, демалды.

      Би   күні  балалар би сайысына белсенді қатысып, «Ең биші топ» атты номинациясына ие болды.

     Спорт   күні  «Зарница» атты патриоттық ойын өтті,  балалар берілген тапсырмаларды орындап жақсы деңгейде болды. Мектеп алаңында түрлі қызықты ойындар балалардың қызығушылықтарын арттыра түсті.

Жоспар бойынша  оқушылар  Горький атындағы гимназияның робототехника кабинетіне  саяхат жасады. Замануи техника түрлерімен танысып, роботтарды  құрастыру тәсілдерін  байқады.

Жоспар бойынша балалар  Арман 3D  кинотеатрына саяхат жасап, қызықты фильм және музыкалық  мектебіндегі  концертті тамашалады .

«Ағылшын тілі»  сайысына белсенді қатысқан Кочерга Григорий, Мусин Жандос, Есеналина Меруерт, Амирова Алина,   Мухамедиев Аслан, Детков Николай.    Сайыс барысында балалар  ағылшын  тілінде     сөзжұмбақтар шешті, сөйлем құрастырды, сурет салды.

«Найди клад» ойыны

Мектеп кітапханашысы оқушыларға әртүрлі қызықты  әдеби кітаптарды оқуға берді және Буккроссинг іс-шарасын ұйымдастырды.
Лагерьдің  соңғы күні балалар  қаланың орталығына саяхатқа шығып, қызықты  ойындар  ойнады

Қорытынды:

· Жазғы мектеп жанындағы «FORTIS» тобының жұмыс барысы жоспар бойынша  өткізілді, өз деңгейіне  жетті.

· Қазақ  тіліндегі негізгі  грамматикалық  нормалары  меңгерілді.

· Сурет, қолөнер жарысында балалардың шығармашылығы ұйымдастырылды.

· Ұлттық ойындар, логикалық және спорттық ойын түрлері арқылы балалардың қызығушылығы артты

Комментарии


Комментариев пока нет, будьте первым.

Добавить комментарий