14 ақпан — Халықаралық Кітап сыйлау күні

14 ақпан-Халықаралық Кітап сыйлау күні, күнтізбедегі жаңа мерекелердің бірі. Ол 2012 жылдан бастап атап өтіледі. Бұл мереке барлық оқырмандарды біріктіреді.№2 мектеп-лицейінде  ақпанның 14-нен бастап 21-не дейінгі аралықта  Халықаралық Кітап сыйлау күніне арналған  «Менің сүйікті кітабым менің достарымның қолында»!ұранымен «Мектеп кітапханасын толықтыр» ақциясы өтті. Біздің акциямыздың басты мақсаты қағаз кітап технология ғасырында да өзекті сыйлық болып қала береді және өз құндылығын жоғалтпайды. Акцияға 2 «А, Б, В, Г, Л», 3»А ,Б, В, Г, Л», 4 «А, Б, В, Г, Л», 5 «А, Б, В, Л», 6 «А, Б, В, Д, Л», 7 «А, Б, Л», 8 «А, Л», 9 «В, Л», 10 «Б, В», 11 «А»  сыныптарының сынып  жетекшілері,оқушылары мен ата-аналары белсене қатысты. Акцияға қатысушылар өздерінің кітаптарын қуана сыйға тартты. Кітапханада «Кітапты сүйіспеншілікпен сыйлаңыз!» атты көрме ұйымдастырылды онда сыйға алынған кітаптар ұсынылған.  Бұл оқиғалар, фэнтази, қыздарға арналған романдар, ертегілер, көркем және тарихи әдебиет, энциклопедиялар. Акция қатысушыларына үлкен рахмет, мектеп кітапханасының қоры қажетті және қызықты әдебиеттермен толықтырылды.

   

Акция аяқталды,оқушылардың көңіл-күйі жақсы болды.Біздің мектеп-лицей оқушылары үшін Кітап сыйлау күні дәстүрлі күн болады деп сенеміз. Кітап ғажайыптар жасай алатын ұлы сый екенін ұмытпаңыз! Акцияға қатысқан әрбір адам өз достарына ғажап сыйлық сыйлады.

   

Кітапхана меңгерушісі Потапова Т. В.

2020 жылғы 24 ақпан

Комментарии


Комментариев пока нет, будьте первым.

Добавить комментарий