«Деструктивті діни ағымдардан зардап шеккендерге көмек көрсету орталығы» жобасы

«Қостанай облысы психологтарының қауымдастығы» ҚҚ «Деструктивті діни ағымдардан зардап шеккендерге көмек көрсету орталығы» жобасын іске асыруда. Осы жоба аясында жалған діни ұйымдардың қызметіне тартылған адамдарды ақпараттық қолдау және психологиялық сүйемелдеу қарастырылған.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің ұсынымдары

БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) қолдауымен Қазақстан Республикасы Денсаулық министрлігінің Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы
халыққа психологиялық көмек және қолдау көрсету үшін https://covid-19.mentalcenter.kz  сайтын құрды.

Психологиялық көмек

Құрметті ұстаздар! Біздің оқушылар үнемі үйде отыруға мәжбүр және эмоциялық мәселелерді, жанжалдар мен басқа да қиындықтарды сезінуі мүмкін. Көмек пен қолдауды
қажет ететін оқушыларды дер кезінде анықтау өте маңызды. Егер Сізге қандай да бір өзгерістер туралы белгілі болса (эмоционалдық тұрақсыздық, сабаққа деген
қызығушылықтың кенеттен жоғалуы, шамадан тыс тітіркену, немқұрайдылық және т. б.), сынып жетекшісіне немесе тікелей мектеп психологтарына хабарлауды сұраймыз.
— Забирова Регина Шамильевна (1-5 сыныптар), телефон/WhatsApp 87759704826, немесе reginazabirowa@yandex.kz эл.поштасына жазуға болады.
— Марченко Ирина Сергеевне (6 – 11 сыныптар) телефон/WhatsApp 87774124882, немесе vbc3@yandex.ru эл.поштасына жазуға болады.

Балаларымыздың амандығына қолдау көрсеткені үшін рахмет!

ПЕДАГОГТЕРГЕ АРНАЛҒАН ҰСЫНЫМДАР: ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУДЫ ҚАЛАЙ ҰЙЫМДАСТЫРУҒА БОЛАДЫ?!

  1. ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ФОРМАТЫН ТАҢДАУ
  • телесабақтар арқылы;
  • интернет-платформаларды пайдалану;
  • пошта арқылы немесе қолма-қол қағаз тасымалдаушылармен жіберу.

Құрметті ұстаздар!

 

Ы. Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы сізге және біздің оқушыларымызға қашықтықтан оқуға көшу кезінде көмек көрсетуге дайын. Біз өлкетану сипатындағы қажетті шынайы ақпаратты іздеу, балаларға және пән мұғалімдеріне арналған жаңа әдебиетпен танысу үшін кітапхана ресурстарына жүгінеміз.

Мұнда сіз біздің ресурстарымызды көре аласыз:

Сәуір айындағы атаулы күндер күнтізбесі

1 сәуір-Кеңес Одағының Батыры, Ұлы Отан соғысының ардагері Сұлтан Баймағамбетовтың туғанына 100 жыл (1920-1943).

1 сәуір-Халықаралық құстар күні.

2 сәуір-Халықаралық Балалар кітабы күні.

3 сәуір-ақын Абдолла Жұмағалиевтің туғанына 105 жыл (1915-1942).

3 сәуір-орыс жазушысы, кинодраматург Юрий Макарович Нагибиннің туғанына 100 жыл (1920-1994).