«Пайдалы және қауіпсіз интернет»
«Қауіпсіз интернет» Республикалық ақпараттық кампаниясына сәйкес 4-8 сәуір аралығында № 2 мл «Пайдалы және қауіпсіз интернет»атты бірқатар іс — шаралар өткізілді. Осы науқан аясында ата-аналармен жиналыс өтті, онда Ғаламтор және әлеуметтік желілердегі балалардың іс-әрекетіне ата-аналық бақылауды күшейту мәселелеріне ерекше назар аударылды. 1 — 4 сыныптарға арналған «Қауіпсіз интернет» еліне саяхат сынып сағаты, 5-8 сыныптарда «Мен және менің виртуалды достарым» тақырыбына, 9-11 сыныптарда «Интернетте өзіңді қалай қауіпсіз ету керек»сынып сағаты өткізілді.
