Жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың II (қалалық) кезеңінің нәтижелері
2019 жылғы 5-6 желтоқсан аралығында «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №1 мектеп-лицейі» ММ және «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №2 мектеп-лицей» ММ базасында жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың екінші қалалық кезеңі өтті.
Біздің мектептің 23 оқушысы олимпиадаға қатысты. 19 оқушы жүлделі орындарға ие болды, оның ішінде 6 бірінші орын, 5 екінші және 8 үшінші орын.
