14 ақпан — Халықаралық Кітап сыйлау күні

14 ақпан-Халықаралық Кітап сыйлау күні, күнтізбедегі жаңа мерекелердің бірі. Ол 2012 жылдан бастап атап өтіледі. Бұл мереке барлық оқырмандарды біріктіреді.№2 мектеп-лицейінде  ақпанның 14-нен бастап 21-не дейінгі аралықта  Халықаралық Кітап сыйлау күніне арналған  «Менің сүйікті кітабым менің достарымның қолында»!ұранымен «Мектеп кітапханасын толықтыр» ақциясы өтті.

Ғылым күні- « Туризм» секциясы

         15 ақпанда мектепте Ғылым күні өтті. Алаңдардың біріне «Туризм» секциясы арналды.

Алаң жұмысын ұйымдастыруға БӘД жетекшісі Ж. Қайырғали және туризммен айналысатын туристік жарыстардан тәжірибесі бар автожол колледжінің  1-2 курс студенттері  қатысты.

Қалалық дарындылар сайысы

«Өлең— адам сөзін пайдалану тәсілдерінің бірі», — деп жазды В. Брюсов.

8 «Л» сынып оқушысы Курбанова Ирина Ұлы Отан соғысы туралы қалалық өлеңдер сайысында өз дарындылығын көрсетті. Ол 3 орынға ие болды.
Өлең терең оймен оқылды. Сенің поэзияға деген құштарлық көзқарасыңды бағалай отырып құттықтаймыз!

Сенбілік

8 ақпан күні біздің мектепте мектеп ауласын қардан тазалау бойынша сенбілік өтті.Сенбілікке  бастауыш сынып оқушыларының ата-аналары, сынып жетекшілер, мектеп әкімшілігі, жоғары сынып оқушылары белсене қатысты.

Абайдың 175 жылдығына

Абайдың данышпандылығы  уақытпен тексерілген. Осыған акт залында өткен спектакльде болған әрбір адам көз жеткізді.  Қойылымды қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері дайындады. Абай сахнада  ұрпақтарымен диологка  түсті, асыл ойларымен бөлісті.

Қазақ тілінің талантты және шығармашылық мұғалімдері Г.А.Ботобаева мен Г.Б. Рахимжанованың жетекшілігімен бастауыш сынып оқушылары өз рөлдерін жақсы ойнады. Мұғалімдер мен балалардың актерлік шеберлігі көрермендерді бей-жай қалдырмады.

«Мяч через сетку» жарысы

8 ақпан күні біздің мектепте 4 сынып қыздары арасында «Мяч через сетку»атты жарыс өтті. Іс-шара салауатты өмір салтын тәрбиелеу мақсатында өткізілді.
Барлық командалар тамаша ойын көрсетті,балалардың дайындығы жоғары деңгейде болды. Спорттық жалыны мен жеңіске жету деген құштарлығы сондай ,олар айналада болып жатқан оқиғаларды байқамады.

Театр қойылымы

Бірінші ақпан күні мектептің  акт залында театралдық қойылым өтті. Режиссерлер орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдері: Мухортова О.В., Хомутовская Н.Н., Рыль Н.В., Переходова И.Н., Григорьева Н.К.

Оқушылар әр кейіпкердің  бейнесін көрсете білді ,көрермендер олардың талантына таң қалды.

Біз бәріміз түсінуіміз керек: театр-өнердің ерекше түрі.

Жас актерлердің қойылымдары жалғасуда. 8 ақпан күні сахнада  Абай және  қазақ әдебиеті туындыларының кейіпкерлері.

10.30-да мектептің акт залына шақырамыз.

Абайдың 175 жылдығына арналған «Лишь знание светоч сердец» атты облыстық эссе байқауының қалалық кезеңі

2020 жылдың 27 қаңтарында Абайдың 175 жылдығына арналған «Лишь знание светоч сердец»  атты облыстық эссе байқауының қалалық кезеңі өтті. Қала мектептерінен 49 оқушы қатысты. Қазылар алқасының шешіміне сәйкес жүлделі орындар саны-20. Бірінші орын-үшеу, екінші орын-алтау, үшінші орын-он бір.

Байқауға № 2 мектеп-лицейінің 3 оқушысы қатысты: Сугурова Малика, Приходько Екатерина, Абенов Аниятулла.

Конкурс нәтижелері:

Сугурова Малика 9 сынып, I орын, жетекшісі: Григорьева Н. К. орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі

Абенов Аният 9 сынып 3 орын, жетекшісі  Байдилдина А. К. қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі.

 

Жүлдегерлер мен ғылыми жетекшілерді құттықтаймыз!

Батырды еске алу турнирі

Қостанай қ. №2 мектеп-лицейінде Ауған соғысының батыры, біздің мектептің түлегі Андрей Винникке арналған турнир өтті.

Спорттық жарыстарға 6-11 сынып оқушылары, ата – аналар, мұғалімдер және студенттер қатысты.

Спорттық тартыс нәтижесінде I орынды ата — аналар құрамасы, II және III орынды мұғалімдер мен оқушылар құрамасы иеленді.

Үздік мектеп сайты-2020 (1 орын)

2020 жылғы 15.01. №68 бұйрығымен үздік мектеп сайты 2020 конкурсының қорытындысы шығарылды.

Келесі білім беру ұйымдарына жүлделі орындар берілді:

I орын «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №2 мектеп-лицейі» ММ;

II орын «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің А. М. Горький атындағы гимназия» ММ;

III орын – «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің Б. Момышұлы атындағы № 5 орта мектебі» ММ.